"Білікті маман-заман көшбасшысы".
блог
Өмір атты жолда мыңдаған студенттердің тәтті естеліктерін қалыптастырып, білімнің қайнар көзімен сусындатқан Қазақстандағы жоғарғы оқу орнындарының бірі, қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Білікті де білімді, өз ісіне шебер, болашақта ұлтымыздың атын асқақтатын тұлғалар әзірлеуде университетіміз көптеген ірі жетістіктерге қол жеткізді.
Қара шаңырағымыздың түлегіне айналған Салтанат Берденқызы Байқошқарова 1963 жылы университет қабырғасының биология факультетін тәмамдаған.Байқошқарова Салтанат еліміздің көптеген жанұяларына орасан зор мүмкіндік ашумен қатар талай жанның бала сүю бақытына бөленуіне өз үлесін қосты.Біздің елімізге, тіпті Орта Азияға ең алғаш рет денеден тыс ұрықтандыру әдісін алғаш рет алып келген, репродуктолог-эмбриолог, 1995 жылы «Экомед» емханасының негізін қалаған.Қазіргі таңда әлемдік проблемаға айналған мәселені шешуге ат салысқан , біздің елімізде бала өрбіту клиникасының ашылуына ықпал еткен Салтанат Берденқызының ізгі ниеті мен еңбекқорлығының арқасында «Экомед» емханасында дүниежүзіндегі жасанды ұрықтандыру саласында қолданылатын жаңа заманға сай әдістердің барлығы енгізілген.Салтанат Байқошқарованың көмегімен ең алғаш дүниеге келген қыз қазіргі тағда 23 жаста және ол Англияда білім алып жатыр,сонымен қатар осы кісінің атқарған жұмысының ықпалымен дүниеге келген балалар еліміздің түкпір-түкпірінде және шет елдерде ғұмыр кешіп жатыр.Жалпы Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен өмірге келген балалардың саны 15 мыңға жетіп отыр.
Университет түлектері тарих, математика, журналистика, физика және тағы басқада ғылым салаларында біраз белестерді бағындырып, еліміздің атын әлемге паш етуде және оқу ордамызға дүниежүзі елдерінің студенттері келіп білім алумен қатар, тәжірибе алмасуда. Университеттің басты мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына белсене ат салысатын, ұлтының болашағы мен халқына жаны ашитын, еліміздің маңызды мәселелерін шешуге қабілетті, өз саласын дамытуға бейім және бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.
Қорытындылай келе, білікті мамандар буынын қалыптастыруда, студенттерге білім алу мен ғылыми жұмыстармен айналысуға барлық жағдай жасалынған. Әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім алушылар заман көшбасшыларына айнала алады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға-оқытушысы А.А.Есекеева.