Білгішсінейінші... Расында осы адам баласы біреуден жамандық көрсе оны сөзбен (немесе оймен) төпеп жөнеледі. Жалпы жақсы адам немесе жаман адам деп айтуға қарсылығымды білдірейін.
"Адам болғасын енді..." я "Пенде болғасын..." деп басталатын әңгімеміз бар ғой. Осыны басшылыққа алып ойлап көрсек, жақсы адам да жаман іс жасайды. Жаман адам да жақсы іс жасайды. Сонда ол жақсы не бірыңғай жаман ба? Мұнда адамның жақсы ісі яки адамның жаман ісі деп қабылдасақ етті?
Мың қатені бір қайырымды іспен "жуып-шаятындар" бар. Ал мың жақсылығын бір жамандықпен-ақ жуып-шаятындар бар. Мәселе арыдан ғой негізі. Менің айтпағым осы болатын.
Сондықтан да, біреуді жамандаудың немесе құрғақ мақтаудың бұрыс екенін аңғарайықшы. Жақтайсың ба - ісін айт, дәлел келтір, жамандайсың ба, оны да нақтыла. Жалпы жақсыны асырып, жаманды жасыратын халықпыз ғой, бөтенсімей жүрейікші. Бір-бірімізге деген сенім сұйылып кетпесінші, бауырлар!
Сурет: nastalgia.ucoz.net