Білеме екен
жеке
блог
блог
Тау аршасын өртеп ап отқа барып,
насыбайын иледі жоққа налып.
жүген түйіп өрмелі қария отыр,
тірлігіне байлаусыз ноқталанып.
Балғаны ұстап қолына шын ерленіп.
Көмір салды көрікке жігерленіп.
Шідер соғып қара тер қария отыр,
Тұрмысына тұсалып шідерленіп.
Тақиясын қисайтып киіп алып.
Дөңгелентіп теріні қйып алып,
Арқан тіліп талстан отыр тағы.
Болмағандай тірліктің иі қанып.
Қатпар қатпар әжімі кермектеліп.
О құдірет отыр тағы ермек көріп.
Айыл өріп тастапты сегіз таспа,
Өткеніндей өмірі өрнектеліп.
Әй, тірлік- ай, бұралаң нұсқауы бір.
Тауып алып қайысты қыстағы бір.
Қамшы өріпті қарашы бітер бәлкім,
Сол қамшының сабындай қысқа ғұмыр.
Білеме екен қария...