Бизнес ашу керек еді...

   1971 жылы Вашингтонда үш ескі дос тамақтанатын орында дәмі өте нашааар кофе ішіп отырады. Олар тарих мұғалімі - Зев Зигл, жазушы - Гордон Боукер, ағылшын тілі мұғалімі - Джерри Болдуин еді. Олардың үлкен бизнесте тәжірибесі де, қалталарында бизнес бастайтын ақшалары да болмаған. Үшеуі 10 жылдан кейін Starbucks бизнесін  4 $ млн долларға сатамыз деп мүлдем ойламаған. Алайда, олар мұны жасады. Үш досты болашаққа деген жоспарлары мен амбициялары біріктірді. Университетті бітіріп, әртүрлі қалада болса да достықтары үзілмеді. 


  «Гордон Боукер,  Джерри Болдуин достарыммен сол уақыттары жиі кездесіп, бизнес идеялармен бөлісетінбіз. Үшеуміз де өмірімізді өзгертіп, мағыналы бір нәрсемен айналысқымыз келді. Біз бірнеше апта сайын кездесіп, бір күні дәмі өте жаман болып шыққан эксперссоға тапсырыс бердік. Осылай кофе ашу туралы идея келді»


                                                         Зиглдың  2016 жылы The Guardian-ға берген сұқбатынан...


    1970 жылы АҚШ-та кофе ішу трендте болған жоқ. Кофе дүкенін ашу идеясы Гордон Боукердің ойына келіп, қалғандарына да бұл идея ұнайды.  Олардың бұл бизнесте тәжірибесі болмағандықтан бағыт-бағдар көрсететін ментор керек еді. Ментор болуға сол уақыттағы кофе саласының эксперті Альфред Питпен келіседі. Үшеуі Сан-Францискодағы Питтің дүкеніне барып, бұршақты қуыруды және бизнес жасауды үйренеді.

   Бірнеше айдан кейін Зигл, Боукер мен Болдуин банктен несие алып, кофе дүкеніне арналған орынды жалға алуға кіріседі. Осылай 1971 жылы 30 наурызда алғашқы Starbucks кофеханасы ашылады. 

                                             Ең алғашқы Starbucks кофеханасы


     1975 жылы Starbucks өзінің алғашқы үлкен қиындықтарына тап болды. Қыс қатал болғандықтан бразилиялық жеткізушілер егінсіз қалды. Шикізат құны өсіп, компания сату бағаларын көтеруге мәжбүр болды.  Бұл сатылымның түсуіне әсер етті. Starbucks-тың ісі сәтсіздікке ұшырады. Қала әкімшілігі компанияның бірінші дүкені ашылған ғимаратты бұзуға берді. Мұның жалғыз шешімі Rainier Bank-тен 95 000$ несие алу еді.

    1977 жылы жағдай дұрысталып, Starbucks кофелерін халыққа ыңғайлы бағада қоя алды. Зигл бизнесті дамытуды қолға алды. Ол компанияның тек кофе шығарумен ғана айналыспай, кофе-машина, дүкендер ашылуын қалады. Бірақ Болдуин компанияның негізгі өнімі кофені алғашқы орынға қойып, қалғандарын тоқтата тұруды ұсынды. Бұл пікірге келіспеген Зигл 1980 жылы акцияларын сатып, компаниядан кетеді. 

   1980 жылы компанияның маркетинг бөлімінің директоры қызметіне кофенің нағыз фанаты Говард Шульц келеді. Говард Шульц ойы жаңа идеяларға толы, энергиясы көп адам еді. Компания бұл кісінің арқасында біраз үлкейеді. Ол да өздігінен компанияға өзгерістер енгізуге тырысады. Бірақ компания басшылығынан қолдау алмай, жұмыстан шығады. 

     1987 жылы компания басшылығы компанияны сататын болып шешеді. Бұл мүмкіндікті құр жібермеген Говард Шульц компанияны бірден сатып алады. 

 

                                   Starbucks-тың 1987 жылғы басшысы Говард Шульц


  Осылай Starbucks-тың жаңа дәуірі басталады. Келесі 10 жылдықта Starbucks 5 континентті жаулайды. Атап айтсақ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Сингапур, Таиланд, Жапония, Ливан мемлекеттері еді. Компанияның дамығаны соншалық, өз брендіндегі ыдыстарды нарыққа сата бастайды.

  Энергияға толы, пысық Говард Шульц өз беделін тереңірек қалыптастыруды ойлайды. Ол келе салысымен қызметкерлердің жалақысын өсіріп, медициналық сақтандыруды енгізіп, қайырымдылық қорларын ашады. Ол компанияның ең үздік басшысына айналды.  Қазіргі уақытта Starbucks 75 елде жұмыс жасап, капитализациясы 83,42 млрд долларды құрайды. 

                                    

                                            Starbucks-тан алатын инсайттар:


  • Идея келгенде, бірден әрекет ет.

  • Бизнесті жалғыз бастамауға тырыс. Жаныңда бір-біріңді толықтыратын серіктестерің болсын.

  • Бастайтын бизнесіңді өзің дұрыс түсінбегенде ментордан көмек сұраудан ұялма! Бұл сенің қателікті аз жасауыңа көмектеседі.

  • Әрқашан жаңа өзгерістерді жасауға ұмтыла бер. Говард Шульцтің жаңа өзгерістерге ашық болуының арқасында Starbucks дамуын әлі тоқтатпады.

  • Өзіңді әлемге көрсет. Сенің Starbucks сияқты әлемнің 75 елінде емес, 100 елінде бизнесің ашылып қалар.                                         

                                                   Ал, енді cен нені өзгертесің?



Бөлісу: