Билік, бизнес, өнер және ғылым

Билік, бизнес, өнер және ғылым
жеке
блог

Бүгін күндіз достармен тауға барып едік, сырғанауға. Қызық болды. Содан енді қазір ұйықтайын деп көзімді жұмсам бітті таудан төмен қарай сырғанап, ел жұртты қағып-соғып ытқып келе жатқандай боламын)). Бір сағаттай жатып, түк ұйықтай алмадым. Ең болмаса бірдеңе жазайыншы деп төсегімнен қайта тұрдым)).

Осы әр адамның өзінің өмірлік таңдау жолдары болады ғой. Мен соны әлі жасай алмай жүрген сияқтымын. Мен үшін өзі төрт бағытта жол көрінді - өнер, билік, бизнес, ғылым. 

Кішкентай кезімде өнер адамы болуды армандадым. Әдебиетке қызықтым, актер болғым келді, саксафон мен фоготты үйрендім. Әнші де болғым келді. Қысқасы,  Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, кейіннен шетелдік актерлер сияқты елге танымал, өнер адамы болғым келді ғой. "Өскенде кім болсың"- деп сұрағандарға "актер" деп жауап беретінмін. Мектеп бітіргенше сол райымнан қайтқан жоқпын.  

Содан универге келдім. Белсенді жастармен араласып, жаңалықтар қарап, газет-журнал оқып, мемлекеттік қызметке қызыға бастадым. Арманымның ар жағында "шенеунік болсам", "министр болсам", "ел басқаратын біреу болсам" деген мысықтілеу пиғыл жатыр ғой енді, сондағы. Ақыры не керек, Құдай өзі жетелеп отырып журналистика әкелді, "ал көр сен қызыққан нәрсенің не екенін" дегендей. Бас-аяғы үш жыл жүрдім ба, соған да тойып қалған сияқтымын. Қарап отырсаң, қызығатын нәрсе емес екен. Саясатта жүрген бір-екі таза адам бар шығар, соның өзін сыйдырмайды және ол заңдылық. "Мықты саясаткер" деген сөздің қарабайыр айтсаң "мықты кидать ете алатын адам" деген ұғым шығады. Жақында нағыз қазақтың бір жанашыр адамының жазықсыз сотталып кеткенін көріп, мүлде жүрегім айныйтын болды. 

Сосын бизнес деген нәрсе бар. Ол да қызық. Бизнесте жүрмесем де ішінара не қызықтары бар екенін зерттеп, анда-санда бас сұғып қоямын. "Қазақстанда еңбектенген адамға мүмкіндіктер көп" деген пікірмен келісуге болады. Кеңес кезінде саудамен айналысқан адамды спекулянт деп атайтын. Бірақ арамзалық жасамаса ол да халал нәрсе ғой. Алып-сатуды былай қойғанның өзінде, қазір кәдімгідей өнім өндірумен айналысуға да мүмкіндіктер бар. Бірақ енді өз өмірімді сол бизнезке арнай алмайтын сияқтымын. "Ары кеткенде байып кетерсің" дегендей ғой. Бірақ кет-әрі емеспін. 

Тағы бір бағыт бар ғылым деген. Басқа-басқа жастайымнан ғылымға қызыққан емеспін. Ғылым десе көз алдыма әшки таққан бір ақбас шал елестейтін:). Бірақ сол әшки таққан ақбас шал болу қазір менің арманыма айналып келе жатқан сияқты, чета. Студент кезімде ғылымға кірмесем де, кітап оқуды азартқа айналдырған бір өтпелі сәттерім болып еді. Сонда өзім үшін бір жаңалық ашқан кезде кәдімгідей ләззат алатын едім. Қоғам үшін, ғылым үшін ол жаңалық та емес болуы мүмкін, бірақ өзім үшін бір ашылыс болса жүрегім кәдімгідей елжіреп мас болатынмын. Енді ойласам сол сезім жақсы екен. Жалпы ғылымның да екі бағыты болады. Біреуі қоғамға қажетті ғылым, екіншісі өзіңе қажетті ғылым. Қоғамға қажетті ғылым компьютер жасайды, Сотка, Айфон мен Эпл, зымыран, спутник жасайды. Ал өзіңе қажетті ғылым үшін ондай нәрселер екінші, үшінші орынға ысыралады. 

Бірде Нютон мен Нильс Бор ғылыми айтысқа түспей ме. Ұмытпасам, "ықтималдылық теориясы" үшін болу керек. Біреуі былай дейді, екіншісі былай дейді. Содан бастары піспей қояды. Оған Еуропаның, әлемнің ғалымдары қатты ашуланады. "Бұл екеуі сондай қабілетті ғалымдар. Бірақ олар өздерінің білімін қоғам үшін пайда әкелуге жұмсамай отыр" деп сынайды, сөгеді. Ал бұл екеуінің қоғаммен еш шаруасы жоқ)). Бұлардың айтысып отырғандары сол өздері үшін ашылыс жасау мақсатында еді. Ішкі ізденіс. Кейде ойлаймын, Ньютонға "ертең сені ешкім де есіне алмайтын болады" деп айтса ол қамықпайтын шығар.  Өйткені шын ғалым адам "атақ" деген синдроммен ауырмайды. Сол секілді, ішкі ізденістен туған ғылымнан кәдімгідей ләззат алуға (Тура мағынасында) болатын сияқты.  

Енді ойлаа-ап отырсам, маған бизнес немесе ғылым екеуінің біреуін таңдау керек сияқты. Бизнестің де жайы түсінікті ғой. Ол бір обезболивающи дәрі сияқты. Шипасы жоқ бірақ әйтеуір алдаусыратады. Көп нәрсеге алаңдамай, әрдайым жұмысбасты болып, өзіңе ойлануға да мұрша бермей жүре берсең өмір сүру де оңай болады. Оның үстіне еңбек еткен адам тозбайды ғой. Ал өнер деген нәрсеге қызығушылығым ашыла қоймас. Өнер деген жақсы әрине. Бір ол көбіне өзің үшін емес көп үшін болып кетеді. Публичый нәрсе. Ән айтсаң жұртқа ұнау үшін айтасың, сызылып)). Актер болсаң, боксер болсаң танымал болу үшін істейсің. В итоге - разочарование. Танымалдықпен тапқан ақшаң ғана өзіңде қалады. Бизнестің бір түрі. Қысқасы өнер деген жақсы, бірақ оған менің аса икемім де жоқ, қызығушылығым да жоқ. Ал "билік" деген бағыттың жайы белгілі болды. Жалпы меніңше ел басқаратын адам ғалым болу керек немесе ғалымның сөзіне құлақ түре алатындай болу керек. Саясаткерлік, дипломатиялық қабілет екінші орында тұру керек. 

Сонымен сол... Биыл Алла жазса PhD-ге тапсырсам деген ойым бар. Егер жолым болып жатса жұмысты да қойып кішкене оқығым кеп жүр. Бұл жолы бакалвр мен магистратурадағыдай диплом үшін емес, өзім үшін оқығым кеп жүр.

Бұйыртса әрине. Бұйыртпаса тағы да сол әр нәрсенің басын бір шалып жүре беретін шығармыз. Жалпы мен үшін ғалымның қай салсы екені аса да маңызды емес сияқты. Физикада, математикада, философия да, география да адамға ләззат бере алады. Қайбір жылдары Стивен Хокингтың "Краткая история времени", "Мир в ореховой скорлупке", "Квантовая механика" деген сияқтыбір екі кітабын оқып шығып едім. Өзім әдебиетші болсам да соны бір ләззаттанып оқыдым(Оқуға кеңес беремін). Біздің қандай эллюзияда өмірі сүріп жатқанымызды нақты есептермен дәлелдеп береді. 

Қой жарайды. Жазбам ертең өлейін деп жатқан сексендегі шалдың философиясы сияқты боп кетті-ау деймін)). Кейде ішіңдегіні шығарғың келеді ғой.