Бижутерияға әуеспін))))

Бижутерияға әуеспін))))
жеке
блог

Қайырлы күн достар!!! Денсаулықтарыңыз сыр бермей, көктемгі депрессияға ұшырамай, аман - есен жүрсіздер ма???

Мен бүгін өзімнің әуестігім(хоббиім) жайы жазғым келіп....Ол әр түрлі бижутериялар сатып алып жинау, қажет кезінде киім түсіне байланысты таңдап тағу, қонақтарға сыйға тарту.  Олар сырғалар, білезіктер, шаш қыстырғыштар, резинкалар, айналар. Бір сөзбен айтқанда қыздың көзінің жауын алатын дүниелер. Ал бастадым:

1. Бұл кішкентай сырғалар (гвоздиктер), әрине олардың неше түрлісі бар, бірақ ішіндегі ерекшелері мыналар:

бижутерия

2. Бұл кешкі отырыстарға, тойларға тағатын ұзын сырғалар: қара сырғаны әпкем күйеуге шыққанда құдалар 3 қорапшада алтын, күміс және бижутериялар ырымдап әкелген үйленбеген қыздарға тарату үшін, сол бижутериясынан маған тигені....Ал сары ұзын тастармен көмкерілгенді тойға барғанда шаш жинаулы күйінде таққан керемет болады)))))

бижутерия

3. мына суреттегілер көбелек пішінді сырғалар)))

бижутерия

4. Ал мыналар әр түрлі геометриялық пішіндегілер: төртбұрышты, шеңбер, куб, эллипс...уопшім, геометрия сабағындағы пішіндерді еске түсіреді)))

бижутерия

5. Қыздың көзі қызылда!!!

бижутерия

6. Тағыда сырғалар....

 бижутерия

Мына сырға кәдімгі жаздық аяқ киімнің формасында жасалған, прикольный жазда осы секілді аяқ киім киіп тақсаң керемет болып кетеді....:-))

бижутерия

Міне білезіктерге де кезек келді....

бижутерия

 

бижутерия

 

бижутерия

Шаш қыстырғыштар:

б

 

б

Резинкаларымның саны азайып  қалыпты, әпкем алып кеткен ау бірталайын үйден таба алмадым неше түрлі формада бар еді((((

бижутерия

 

Мінекей мен осындай заттарға әуес адаммын)))) Ал, сіз немен әуестенесіз, сол туралы пост жаза отырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз,,, Ендігі кезекте тағы бір жақы көретін ісім ас әзірлеу туралы жазамын, істеген ас мәзірлерімен бөлісемін \әрине суреттерінде жүктеймін\,,,,,,,,

Уақыттарыңызды бөліп қарағандарыңызға рахмет!!!