Бигелдінің жұмбағы

«Сен емес, Ар үшін ғана күресем...», Жұмбақ блоггер

 Біреу үміт артып тұрса, сенімін аяқ асты еткісі келмейтін жазған басым – гөй-гөймен жұмбақ жасырдық ). Ұзаққа сілтедік, айыз қанғанша шаптық, нағыз аламан болды... Кімнің кім екендігі, мінезі, қабілет–қарымы мен парасат пайымы, болмыс–бітімін анықтауда таптырмас құрал екен; бұл да бір ескерер дүние! Жеке басыма – осы бір жағынан елеулі көмегі болмаса, өкіметтің жұмысына не залал, не титімдей пайдасы болмады. Біреуді күлдіріп, біреуді жылатқан; біреуді дос, біреуді қас қылған «Ол–кім, бұл–не?» жазбасы – жұмбақ жасыру шарттарына сай әзірленген дүние десе де болғандай... ).

Меніңше, эстафетаның негізгі мақсаты – бірыңғай, танымал тұлғаларды жасыру емес (!), қайта – көпшілікке беймәлім, ортамен еркін араласып, сіңісіп кете алмай жүрген табиғи таланттар әлемін ашу; жеке тұлғасын анықтау; танымалдыққа ие ету (!) -  деп білемін. Біздің, жұмбақты жасыру, және оны шешу барысында – жиі қателікке бой алдыратын себебіміз де сол сияқты. Әйтпесе, Мен – елден алабөтен, арзан бедел жинайын, бағымды асыра қояйын деп отырғаным жоқ; дос көңілін елей, еңбегін ескере жүрсін деп отырмын...

Сонымен, жасырын блоггер кім, расында ол массагеттік пе? – деген сұрақ көпшілік көңілін күпті етіп тұрғаны анық. Талайдың ұйқысын, талайдың күлкісін бұзған; арты – Бигелдінің қиялынан туған аңыз бейне, деуге ұласқан ол кісі – расында, массагеттік! Әредік, пікір білдіріп қана қоймай, блог та жазған, және жалғыз блогымен Бигелдіні өзіне тәнті еткен бұл кісінің толық аты жөні – Айсұлу Маманқызы. Айсұлу Маманқызы – Сіздер тұрмақ, маған да беймәлім, ашылмаған арал. Әйтсе де, өзі айтқан «шимай-шатпақтарына» қарап түп-тұқиянын толық ажыратып, танып-білдім десе де болады... ))). Қалғанын өздеріңіздің патша көңілдеріңіздің еншісіне қалдырдық...

...Жан емес, маған керегі –

Көк тудың желбірегені!



Бөлісу: