Қайырлы күн, Массагет! Хал-жағдайларыңыз жақсы ма? Мұнда тіркелгеніме 3 айдың жүзі болса да бұл менің алғашқы жазбам (ұят-аааай...). Бұған дейін блог жазуға бәлкім еріндім, бәлкім өрем жетпейтіндей көрінді. Бірақ тіркеле сала мұнда алшаң басып, ешкімге өзімді таныстырмай, жақсы жазбаларды рахаттана оқып, пайдалы кеңестерін пайдаланып, пікір қалдырып жүре беруге де ұялып жүргенім рас. Алайда өзімді ешкімнің рұқсатынсыз Массагеттің тұрғыны сезініп кеттім). Есімім - Нұршат, көпшілігіңіз секілді алматылық емеспін, Алматыда оқыған да жоқпын. Өзім барлығынан артық көретін шағын ғана Ақтау қаласының тұрғынымын. Барлық жазба, жаңалықтарды үзбей оқып тұруға тырысамын. Жүйелеп, ұқыпты жазылған мақалалар, пайдалы кеңестер, оқырмандардың жазбалары, бәрі-бәрі ұнайды. Арасында пікір қалдырып, мұндағы байырғы тұрғындарға кей пікірлерім ұнамай да қалып жатқан шығар, көңілдеріңізге келіп қалып жатқан тұстарым болса кешірім өтінем. Айтқым келгені, мен 3 айдан бері Сіздермен біргемін). Тың тақырыптарға түрен салып, жақсы жазбалармен қуанта қоймаспын, тек өзімнің мұнда бейтаныс тұрғын екеніме қысылып, бар екенімді білдіру үшін қалдырып отырған жазбам бұл. Сүйікті сайтымыздың еңбегі жемісті, жеңісті бола берсін!
P.S. сурет қосып, жазбамды барынша көркемдегім келген, бірақ қазір жұмыстамын, мұнда ғаламтордың біраз мүмкіндіктерін шектеп қойған, сондықтан қоса алмадым(. Массагеттіктердің көмегіне рахмет, жоғарыдағы сурет үшін!