«Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының КУБОГІ не арналған облыстық шағын футбол жарысы өтті. Былтырғы жылы Ақтау қаласында бастау алған КУБОК «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен биыл Бейнеу ауданында жалғасын тапты. КУБОК ты ұйымдастыру: «Жас Отан» Жастар қанатының имиджін көтерумен қатар, жастар арасында салауаттылықты, ауыл жастарының спорттық тәрбиеге тәрту, бос уақыттарын тиімді өткізіп, футбол ойынн ауылдық жерлерде дамыту болып табылады.
Шара Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті. Бейнеу ауданына ауыл және жұмысшы жастардан құралған барлығы 10 команда жиналды. Олар: Жаңаөзендік «Қыран» командасы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ құрама командасы, «МАЭК Казатомпром» ЖШС құрама командасы, Мұнайлы ауданының құрама командасы, Боранқұл ауылынан «Нұрдаулет» командасы, Бейнеу селосынан «Ұлағат» командасы, Сам ауылының құрама командасы, Сыңғырлау ауылынан «Бексұлтан» командасы, Сарға ауылынан «Аян» және Бейнеу ауданы құрама командасы.
Барлық командалар үздік ойын көрсетіп, тартысты бәсеке болды. Облыстық деңгейдегі футбол жарысының аудан орталығында өткізілуі тектен тек емес. Партияның «Салауатты ұрпақ» жобасын жүзеге асырып, ауыл жастарын қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастырып, футбол дәстүрін дамыту.
Екі күндік футболды 300 ге жуық адам тамашалап, топтық кезеңмен бақ сынасты. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды Ақтау қаласынан келген «МАЭК Казатомпром» ЖШС құрама командасы иеленді. Команда арнайы кубокты жеңіп алып, 100 000 теңге жүлдесі берілді. 2 орынды Жаңаөзен қаласынан келген «Қыран» командасы иеленді. 2 орыны үшін 70 000 тенге ақшалай жүлде табыс етілді. 3 орын Бейнеу селосынан қатысқан «Ұлағат» командасына бұйырды. Оларға да 30 000 теңге ақшалай жүлде табыс етілді.
Ойын барысында үздік ойын көрсеткен 2 номинацияның иегерлері анықталып, олар «Ең үздік ойыншы» номинациясы «МАЭК Казатомпром» ЖШС құрама командасының ойыншысы Оңайбаев Абайға, «Ең үздік қақпашы» номинациясы Бейнеу ауданы құрама командасының қақпашысы Тлевмағамбетов Нұрпейіске берілді. Аталған үздік ойыншылар ойын барысында көрерменнің қошеметіне бөленіп, ерекше көзге түскен ойыншылар, көпшіліктің дауыс беруімен анықталды.
Келесі жылғы КУБОК Жаңаөзен қаласында өтуі жоспарлануда.