Былтыр "Екі жұлдыз" жобасын көретінмін. Сол кезде Бейбіт Қорған мен Назира Бердалының "Шоқ Қыздар" әнін тыңдап, өзім ШОК бола жаздадым. Сонда Бейбіттің шыныменде даусы жоқ болғаны ма? Әлде тек ауа жетпей қалды ма? Шыны керек, өз әнін өзі дұрыс айта алмады:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/nKdYDZ9a3Cg?version=3&hl=ru_RU","width":"700","height":"435"});
Әнші Бейбіт Қорған – Атырау облысының тумасы. Жастайынан сахнаға шыққанымен ортаңқол қатардағы көп әншінің бірі еді. 2009 жылы ол қырғыз сазгері Ильяз Абдразақовтың «Шоқ қыздар» атты әнін жалынып-жалпайып сұрап алды. Оған дейін бұл әнді сазгердің өзі қырғыз тіліндегі мәтінмен орындап жүрген. Әнге қанша ақша төленгені белгісіз, «Шоқ қыздар» Бейбіт Қорғанның меншігіне өткен соң, ол әнге ақын Ринат Зайытовқа қазақша сөз жаздырды, клип түсірді. «Шоқ қыздарды» қазақ жастары жақсы қабылдады, ән Бейбіт Қорғанды бір белеске көтеріп тастады, жерлестерінің ортасында да беделі өсті. Өзінің айтуынша, атыраулық Жолдасқали аға мен Гүлнәр апа көп қаржы бөліп, Алматыдан студия ашып беріпті. Оған керек құрал-жабдықты Америкадан сатып әкелген. Студияны әнші өзінің кіші ұлы Бексұлтанның құрметіне «Bek Stars Prodoction» деп атапты. Өзінің әнін жазып, клип түсіреді. Басқа әншілерден де тапсырыс алады. Бейбіт Қорғанның студиясында бір клиптің түсіру құны 3-4 мың долар тұрады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yxGg0EiUAKo?version=3&hl=ru_RU","width":"700","height":"435"});
Бейбіт жайлы жаңалықтар да бітпейтін емес, Былтыр әуежайда бір жігіттің көзін көгертіп, ұрып жықса. Биыл, осы жақында бір журналист қызды ұрды дей ма? Бұл әншінің әнінен гөрі қылықтары көп болып кеткен секілді!!!!!!!!!!!