Бетперде.

Бетперде.
жеке
блог




 Гармония.


 Жылдам-жылдам соғады,жүрек лыпып,
Ағызып тамырлардан қанды лықып!
Әлем-тапырық болыпты,бет ажарым,
Қуарып,бозғылданып,қашып құтым!
Бір күні жарыларын біліп едім,
Шөлмегім,мың күн сынбас,жүрген күтіп,
Қашанғы,сыртым бүтін, ішім түтін!
Гармонияға енді міне тура келдім,
Ішім түтін,сыртым түтін,түтін,түтін!

Жеңілдедің бе?


Тұрдың қарап,айызың қанып,
Бетіңіе жасың айғызданып.
Ағып жатты,қарамайсың,
Тырс-тырс етіп,жерге тамып!

Неткен жансың,кекті қуған,
Бойыңда қаның,тұра ма удан?
Жеңілдеді ме,көксегенің болды?
Тазарды ма жаның,қанмен жуған?

Болмасаң да ұқсап бақ.


 Неге алдаймын,өзімді-өзім,
Көтере алмай,көңілімді жабырқау.
Шындық ауыр,кетеді езіп,
Адал болу,қиын сонша,апырмау!
Келеді менің,кеткім безіп,
Мүмкін болса,бас қатырмау!


Жартылай шындық,дәрежем жеткен,
Өзімді-өзім,желкелеп жүріп,
Жартылай өтірік,тәттісің неткен,
Жанымды баурап,риясыз күліп.
Біртіндеп аздап,абайлап ептеп,
Жалғандықты келем,жүректен жұлып!

 


 Кек.

 

 Бір секунд қана дір етті,
Сен мені сатып кеткенде.
Ауыртып қойдың,жүректі,
Опасыз болып өмір,кеткен бе?
Кек сақтап саған қайтейін,
Қарызыңды да кешірдім.
Көптің бірісің,әншейін,
Енді мен үшін,өшірдім.
Бір білгенің бар шығар,
Жетер жеріңе жеттің бе?
Асыраған екем,сұр жылан,
Жүрегімнен шағып,кеттің бе?



 Ертең.


 Бір жеңілдік сезінгендей азырақ,

Жүктен ауыр,иықтағы ажырап.
Кеуде керіп,тәтті ауаны жұтамын,
Елітінкіреп,таза ауаның сазына.
Бостандық сеннен,бар ма артық,қазына!

Ертеңгісін,ертең бірақ ойлаймын,
Ертең-ертең,терең ойға бойлаймын.

Бүгін бірақ ұмытамын бәрін де,
Бүгін-бүгін,қашшы меннен,ой-қайғы!

Ұмытқандай,сәл де болса ауырды,
Бір күнге болса да,жаба тоқып жауырды.
Бостандықтың иісі келіп мұрынға,
Еске түсіріп,қарындас пен бауырды.
Балалықтың куәгері,ауылды!


 Пенде.

 Жатамыз кейде,байқамай барды,бағалап,
Мойындамаймыз,адассақ та жарды,жағалап.
Жығылып жатып,сүрінгенді көрсек табалап,
Болмашы үшін,ырылдасып итше,абалап.
Күштіні көрсек,ағеке,аға,ағалап,
Әлсізді күштеп,жабылып бәрі сабалап.
Сабамызға түсіп,жатамыз кейін,шамалап,
Жалынамыз содан,кешіре көрші,жаратқан АЛЛА ТАҒАЛАҺ!

2001 жыл. Семей қаласы.