Бетперде
блог
Бетперде-1
- Мен ешкімді өсектемеймін. Айту керек болса, адамның бетіне айтамын. Сыртынан сөйлегенді ұнатпаймын.
- Аа.
- Өсектемеймін, шындықты ғана айтамын. Сенің мінезің жақсы. Ешнәрсемен шаруаң жоқ. Күліп қойып жүре бересің.
- Імм.
- Түу, анау келе жатыр ғой. Ұнатпаймын өзін. Өзінше пысықсынып жүреді. Қолымнан бәрі келеді мақтанады. Жарайды, мен кетейін. Үйге келіп тұрсаңшы.
- Аха.
- О, қалыңыз қалай? Осы сізді көрсем қуанып кетемін. Жүріңіз үйге. Ананы айтам да. Үндемей отырғанымен, пәленің бәрі ішінде. Түк білмегенсіп, ішінен елді жамандап отырады. Мені шақырып жатыр ма? Ау, не болды?!
- Мынаны қалдырып кетіпсің!
- Ол не?!
- Бетпердең!
- Бетперде?! А, қала берсін. Менде оның он шақтысы бар.
Бетперде әдемі екен. Бетіне киіп көрмек болып еді, иісі мұрын жарды. Лақтырып жіберді. Содан кейін өз бетпердесін шешіп алды да, оны да лақтырып жіберді. Бұл оның жалғыз бетпердесі еді.