Түн. Ойларыммен арпалысып мен отырмын. Классика. Бетховен, ұлы Бетховен! Менің дәл осылай ойлардың шырмауында отырып, ем іздейтінімді білгендей. Өзінің мәңгілік мұраларын маған арнағандай...
О, Людвиг сенің өз мұраларыңды қалай жасап жатқаныңды көру үшін уақыт кеңістіктерін елемес едім. Қандай күй кештің? Махаббат па? Қайғы ма? Қуаныш па?
Өзің : "Ұлы адамдардың тағдырын түсінуге тырыспағанда мен мұндай болмас едім" деуші ме едің? Ал мен сені түсіне алар емеспін! Бірде адамды қайғы-мұңның тереңіне салып кеп жібересіңде, бірде мөлдір махаббатыңмен үміт отын жандырасың. Мұның қалай?
Не дейсің, Людвиг? Есту мүшелерім жұмыс жасауын қойды деймісің? О, Құдайым-ау, жолдас Бетховен, сен мені уақыт өткен сайын таңғалдырудасың. Мені дәл қазір терең ұйқыға жіберіп, екі ғасырдан кейін оятып, ұлы композиторды ата десе, ойланбастан жауабым өзіңсің, Бетховен! Сенің туындыларың ғасырлар шедеврі! Браво!
Эх, Людвиг! Неге екі ғасыр кеш тумадың? Дәл қазіргідей аудио-шығармаңа емес, өзіңнің көмескі пианиноңда ойнап отырған түріңе қарап еріксіз көзіме жас алар едім...
Бетховен, сен суретшісің! Туындыларың адамның өмірі, қоғамның бейнесі, махаббаттың жыры. Музыкаға деген махаббаттың сыры!
Сен жеке-дара ғаламшарсың! Адамгершілік пен пәк сезімнің мекенісің! Мәңгіліктің жыршысың!