Бүгін үйде жасауға болатын бір екі маска жайлы әңгімелескім келеді
Күз де келіп, көп өзгерістерді ала келді. Тап осы мезгілде арнайы күтім қажет, себебі салқын ауа бетімізге теріс әсер етіп, бетімізді сезістал әрі құрғақ қылып жібереді. Әрине, косметологтың кеңесіне жүгінетін аруларымыз да аз емес, дегенмен көп арулар, белгілі себептермен, косметологқа бара бермейді. Мұндайда, үйде күтім жасағаннның пайдасы мол екенін айта кету керек. Әсіресе, табиғи таза өнімдер қолданған жөн.
Үй жағдайында жасалатын маскаларды аптасына кем дегенде 1 немесе 3 рет 2 ай бойы жасау қажет. Сонда нәтижесін көре аласыз. Масканы қолданар алдын бетімізді жақсылап жуып аламыз, көз айналасымен ерінге жағуға болмайды. Маскаларды бетке жаймен жағу керек. Барлық маскаларды қолдана берудің қажеті жоқ , өзіңіздің бет терісіне келетін масканы таңдаңыз. Сіздерге үй жағдайында жасалатын маска түрлерін ұсынамын.
1. Барлық бет терісіне арналған маска
Жұмыртқадан жасалған маска
Бұл маска бетті тазалап , бетке рең береді.
1ас қасық жүгері ұнын алып оған 1 жұмыртқаның ағын қосып жақсылап араластырып бетімізге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаймыз.
2. Құрғақ бетке арналған маска.
1 ас қасық балға 2 ас қасық өсімдік майын және 2 дана жұмыртқаның сарысын қосып барлығын араластырып сәл жылытып бетімізге әр бес минут сайын жағып отырамыз да 20 минуттан соң жылы сумен жуамыз.
3. Майлы бетке арналған маска
Балдан жасалған маска.
Бізге керегі: 100г бал, 25мл арақ, 25мл су. Балды ерітіп, оған арақ пен суды қосып жылы күйінде бетімізге жағамыз да 15 минуттан соң жуып тастаймыз.
Келесі жолы арықтаудың құпиясын ашудың жөні келді деп ойлаймын, сондықтан менің блогымды үзбей оқыңыздар!
Әдемі болыңыздар,
Арулар!!!