Бет бұрыс жаса иманға жүрек

Бет бұрыс жаса иманға жүрек
жеке
блог

Бет бұрыс жаса иманға жүрек

 

Саламын әуен жабырқай жүдеп

Бетбұрыс жаса иманға жүрек

Алланың құлы мұсылман қауым

Пендеге пәк пен тазалық керек

 

Бұл дүние өтер зымырап ғана

Уақытты бекер ысырап қылма

Әр күнің сенің есепке толы

Жазулы тұр маңдайда ғана

 

Сауабы тиер иманды болсаң

Ашкөздік емес қанағат қылсаң

Клубта емес мешітте болсаң

Азырақ ғана нәпсіңді тыйсаң

 

Тазарар жүрек иманмен ғана

Алла деп соққан жүректе ғана

Болмаса егер үй-жайың тұрар

Алланың үйі біреуге пана

 

Алла деп соққан жүректің үнің

Естиді шіркін жаратқан өзі

Азаппен өткен біреудің күнің

Түсіңбес пенде көрседе көзі

 

Қайтесің енді тағдырың солай

Имансыз едің жасырдың талай

Істеген ісің біреуге зиян

Зинақор болып жүресің қалай

 

Өмірде болды бір пенде дара

Жасаған талай ісі де қара

Зорлық пен зомбық, ашкөздік жайлап

Бойында барады тексіздік баурап

 

Ей пенде тыңда сөзімді анық

Мұсылман қауым пендешіл халық

Жұдырықтай жүрегін шіркін,

Елжіресін елім деп жанып

 

Елжіресін жүрегін, езіліп жылап

Кешірші деп күнәмді Алладан сұрап

Тәубе ет шіркін көрсеткен күнің үшін

Жатарда сыйың тыныштық түнің үшін

 

Тыншымайды жүрегім сені көріп

Бір мұсылман пендені пенде көріп

Айтқанымды ұғынар бар мұсылман

Жүрегінің үнімен жанын беріп

 

Ислам діні қалайды тазалықты

Жан дертіне салмасын зор азапты

Көрдім мен талай жанның арасынан

Елжіреп дінім деген сан қазақты

 

Төбеде күн,жерге жарық таратқан

Көк аспанды жер үстіне қаратқан

Серігі жоқ бір Тәңірге табынам

Жалғыз Аллаһ бар әлемді жаратқан

 

Мұсылманым иман ет өзің үшін

Шын дүние сәттегі кезін үшін

Қияметтің күніңде жолықсақта

Бәрі шіркін, бауырым өзің үшін

 

Біріміз құл,біріміз бай төреміз

Бірақ біздер бір күндері өлеміз

Біріміз жас,біріміз қарт әйтеуір

Бір Алланың жазған күнің көреміз