Ислам дінін ұстанған барша мұсылмандарға осы дүниеде өтейтін бес парыз бар. Олар:1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»). 2. Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу. 3. Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы- ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі. 4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау. 5. Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау. Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.
Ислам дінін қабылдағанына көп уақыт болмаған бокстан күллі әлемге есімі әйгілі Майк Тайсон, Мекке мен Мәдинаға барып қажылық сапарын өтеп жүр. Жер бетіндегі ең тура да, таза, әрі жұмақтың төрін нәсіп қылар діннің осы екен білген боксшымыз. Ораза айында Алланың міндет қылған бір парызын өткеріп жүр.
Осындай Алланың алдындағы бес парызды түгелімен атқарып, жұмақтың төрінде шалқып жүруді Алла тағала бәрімізге нәсіп етсін.