Бес нәрседен қашық бол (эстафета)
блог
Маған да таяқша жетіп қалыпты. Қостанайдың ару қызына үлкен рақмет! Негізі, көкелеріңді 9 мамыр жақындағанда естеріңе алатындарың қынжылтады.... Бізге не керек дейсің? Көп емес, тек шамалы «внимание» ғой....
Ойбай, ойнап айтам! Осы эстафета дегенді бақылап та жүргенім жоқ. Байқаусыздан төмендегі «соңғы пікірлерді» көрмегенде, ештеңені еске түсіріп қиналмас та едім.
Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұстары болды ма?
Себеппен де, себепсіз де өтірік айтуға тура келеді ғой күнде. Әсіресе жаңа адамдармен танысқанда (пойызда келе жатқанда, мысалы) ... Неге екенін білмеймін, әйтеуір, бұл адамды енді көрмеймін ғо деп, өтірік ақпаратты айдай берем. Ол кісіге қайда жасайтыным, кім болып жасайтынымның керек қанша?
Екінші рет кезігіп, жақыннан танысып жатсам, өтірігіме қызармаймын. Себебін түсіндіре аламын.
Қатты ұялып, жаныңызды қоярға жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?
Қысылатындай өтірігім есіме түспеді. Негізі, өтірікті «на ходу» айтпауға тырысам. Алдын-ала ойланып, сөздерімді дайындап, өтірік ашылып жатса не айту керек екенін ойластырып қоюға тырысамын.
10-11 сыныпта оқып жүргенде, шетел пәні бойынша ауданнан бірінші орын алғанмын. Дым түртпейтінмін ол кезде. Апайым мен үшін бәрін жазып дайындап берген. Облысқа келгенде «біреудің орнын алып отырмын-ау» деп қысылғаным болды басында. Бірақ артынан қойды ғой. Сол олимпиада мамандық таңдауға түрткі болды.
Білмеймін, мүмкін, өтірік пен шыным араласып, ненің не екенін айыра алмайтын жағдайға келген шығармын....
Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?
Эстафета басталған күні айтып кеткендей, бала кезімізде ағам екеуміз көрші үйдің алмасын ұрлайтынбыз. Ерінбей москваша 4те ұйқыдан тұрып (қазір білмеймін, бірақ сол кезде шалқар москва уақытымен жүретін), тауық сарайдың төбесі арқылы, піссін-піспесін бір күндік нормамызды теріп алатынбыз. Осылай ағам екеуміз жақсы «қасиеттерімізді» жетілдіріп отырдық – біріншіден таңғы жаттығу, екіншіден, «күніге бір алма – доқтырға жолықпа» басқа елдерде мақал бар ғой – денсаулыққа қатты мән бердік енді.
Бала кезде нан деген дефицит болды ғой. Дүкенде бір басқа бір наннан артық бермейтін. Алмамызды «ұрлап» болғасын, дүкенге барып, есіктің алдына кірпіш қойып «очередімізді» алып қоятынбыз. Нан дүкендікі болса да, үстіне жағатын май мен варенье қолдікі болғасын аямайтынбыз. Анда-санда нан болмай қалғанда көрші үйге барып (ол кезде үйді құлыптау дегенді білмейміз) .... нан ұрлайтынбыз.... Ужас, қайдағы жоқты еске түсіріп... Қой, осымен доғарайын...
Эстафетаны Zhazira Sonrisa ға берем :))))