«Берік отбасы» жобасы өз жұмысын бастады

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Берік отбасы» жобасының жаңа оқу жылындағы алғашқы тренигтері өтті

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы Орталық Азиядағы, сондай-ақ Иран, Пәкістан және Ауғанстандағы мектеп психологтарының оқу жоспарына енген.
Бағдарлама 7 бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, бір сағат ішінде жасөспірімдермен («Жастар») және ата-аналармен («ата-аналар») сабақтар өтіп, кейіннен ата-аналар жасөспірімдермен («отбасы») тағы бір сағат сессияға қатысты.

– Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен туады. Болашақтың жарқын болуы – отбасының мықтылығы мен татулығынан. Осы орайда, жобаның ата-ана мен баланың арасындағы сабақтастықты нығайтудағы әсері зор, – дейді мектеп психологтары.

Бағдарлама аптасына бір рет мектеп қабырғасында өтеді. Тренингтер балалар мен ата-аналарға арналған жеке сессиялардан, сондай-ақ жалпы бірлескен отбасылық сессиядан тұрады. Алғашқы кіріспе кездесуде жоба қатысушылары бір-бірімен танысып, ата-аналар отбасылық дәстүрлерімен бөлісті.



Бөлісу: