"Берік отбасы- есірткіден алыс!"

"Берік отбасы- есірткіден алыс!"
жеке
блог

"Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

Біз бақытты отбасымыз! Отан отбасынан басталады дегендей, отбасы кішігірім отан дейді. Мен Төлеуов Асхат, жұбайым, төрт балам бар, үшеуі мектепте оқушы, сосын әкем, анам, апам, екі жиенім бар, былай айтқанда үлкен отбасымыз. Біздің ұстанымымыз берік отбасы үшін үлкен, темірдей тәртіп, тәлімді, дәстүр, әдет - ғұрып жақсы сақталған. Әкем екеуіміз мал шаруашылығымен жылқы, сиыр айналысамыз, кәсібіміз бар.

Қоғамда қәзір үлкен алаңдаушылық туғызып отырған нашақорлыққа, мәскүнемдікке бой ұрған замандастарыма, кейінгі іні - қарындастарыма бүл әдеттен арылып өмірдің қызықты да бақытты кезендердің уақытынан бұрын өткізіп алып, кейін өмір бойы өкінішпен өткізбеңдер едім.

Бір сәттік бойыңа алған нашаның уыты, немесе арақтың буы. Бұл әдеттен арыла алмай терең түбіне бойлап кетуің ғажап емес. Өмірге бір - ақ рет келесің, қайтып сол уайым - қайғысыз ата - анаңның қасында, құшағында бола алмайтының есіне түседі. Қолымыз босағанда бала - шағаммен, қарт ана - анамен жайлауға, дария жағасына демалыс жариялап қыдырып, атқа балаларымды мінгізіп тамаша қыдырыс ұйымдастырамын, балық аулап, ау салып дарияға, анам немерелеріме ертегі айтып, әр түрлі әдіспен ағарғаннан құрт, сүзбе дайындауды үйретеді.
Балаларым мектепте үздік оқиды, спорт секцияларына қатысады. Қарындасым Айшат үздік оқушы, әрі ауданда үздік футболист. Қарап отырсам өмірдің қызығына тоймайсың, алда қызықты бақытты болашақ күтіп тұрғанын білемін.
Міне менің бақытты отбасым осындай.
Мен сондықтан Қазақстанның бақытты Азаматымын!
Нашақорлыққа жол жоқ!

 

               #ҚЗОПДЕҚҚІҚББАЙҚАУЫНА 

Төлеуовтар отбасы

Жалағаш ауданы

 #31мектеп- гимназия