writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/-oPyBCudxks&feature","width":"425","height":"350"});
Осынау бетінің ұшында жымиса кішкене ғана шұңқыр пайда болатын сүйкімді ару миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулады. Киносыншылар оны режиссерлар үшін нағыз асыл қазына десе, әріптестері бүгінгі күннің ең үздік актрисасына балайды. Оның сан қырлы рөлдеріне қандай өнер иесі болсын қызығатыны сөзсіз. Берен қорғансыз ауыл қызынан бастап, өзіне-өзі сенімді дәртті әйелге дейін кез-келген рөлді келістіре сомдай алады.
Түрік актрисасы Берен Саат 1984 жылы 24 ақпанда Анкарада дүниеге келген. Студент кезінен-ақ, жас актерлардың сайысына қатысады. Осындай байқаулардың бірінде жеңіске жеткен оған, алғаш рет түрік телетоптамаларының біріне түсуге ұсыныс жасалды. Актриса сондай-ақ, кәсіби музыкамен, ән айтумен әуестенеді. Ағылшын және испан тілдерін меңгерген. Берен сондай-ақ, теннис ойнайды биді жақсы көреді және бос уақытында киноға барғанды ұнатады. Бойжеткеннің ата-анасы Спорт Академиясын тәмамдаған, «ата-анамның арқасында өзімді тәртіпке үйретіп, сымбатыма барынша мән беремін»,- дейді актриса. Университетте ол басқару факультетінде оқыған, алайда кейіннен өзінің қалауы – актриса болу екенін түсінеді. Ол алғаш рет 2004 жылы «Askimizda olum var» телехикаясында бағын сынайды. Содан кейін, әйгілі «Мезгілсіз сезім» телехикаясына түседі. Актерлік шеберлігі үшін Берен «Алтын қызғалдақ» ұлттық сыйлығын алған болатын, ал, 2010 жылы «Үздік актриса» номинациясы бойынша «Алтын көбелек» жүлдесіне ие болды.
Берен Сааттың әдемілігі мен шығыс қыздарына тән әсемдігі кімді де болса елітері айқын. Актрисаның бүкіл әлемді мойындатар қауқары да бар. Бұған қоса, сымбатына көркі сай, жанары жүректі дір еткізер бойжеткен Түркияның ең сымбатты үш аруының бірі. Жас болғанымен актриса танымал актер Бюлент Иналмен некеде болған. Одан кейін, 2 жылдай режиссер Левент Семерджимен кездесіп жүреді де, Fatmagul телехикаясының түсірілімі кезінде онымен де айырылысады. Осы оқиғадан соң, актриса тағы бір басты рөлді сомдаушы Энгин Акюрекпен кездесіп жүр деген сыбыс тарады. Олардың шынайы өмірдегі қарым-қатынасы дәл кинодағыдай өрбіген. Берен Фатмагүлдің Керімге ынтыққаны тәрізді, өзі де сезбестен Энгинге ғашық болады. Телехикаяның көрермендері Фатмагүлдің тағдырына актерлармен бірге алаңдап отырғанда, кадр сыртында мүлдем басқаша оқиғалар өрбіп жатыр еді.
Алайда, көрермендердің мұндай сыбыстарға назар аудармауына да болады. Өйткені, «Мезгілсіз сезім» хикаясының түсірілімі барысында көпшілік арасында Берен енді Кыванч Татлытугпен көңіл жарастырыпты деген сыбыс тарады. Екі актер да бұл фильмде өз образдарын шынайы сомдағаны соншалық, көрермендер олардың өмірде де бір-біріне ғашық екеніне сеніп қалған болуы керек. Бұл жағдайды алдағы бөлімдерден де байқауға болады. Екеуінің байланыстары әшкере болардың алдында, бірлесіп танго билейді. Бихтер мен Бехлюльдің мезгілсіз сезімі туралы бұл картина түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналған болатын. Бұл телетоптамадағы кейіпкерлері үшін басты рөлді сомдаған актерлар «Өткен жылдың үздік актерлары» деп танылған еді.
Берен Саат пен оның құпия қарым-қатынастары шарықтау шегіне жетуде, ал «31 арнада» ол басты рөлді сомдаған «Мезгілсіз сезім» мен Fatmagul атты ең үздік телехикаялар жалғасуда.