Берен Саат – түрік хикаяларының жанкүйерлері оны әйгілі Fatmagul картинасы арқылы жақсы біледі. Ол 1984 жылы 26 ақпанда Анкарада дүниеге келген. Жоғарғы TED Анкара Колледжінде кейінірек анакаралық Bilkent университетінде менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Осы университет қабырғасында жүріп ол қаланың орталық көшелерінде өткізілетін жас актерлардың сайысына қатысады. Tomris Giritlioğlu'nun brother тобы жүргізген осындай сайыстардың бірінде Берен жеңіске жетіп, соның арқасында түрік телеарналарының бірінде түсірілетін хикаяға шақырту алады. Саат сондай-ақ кәсіби музыкамен де шұғылданады. Ағылшын және испан тілін меңгерген. Бұған қоса голливудтық актриса Моника Белуччидің қызы болып, бір фильмге түсті.
Жас болғанына қарамастан, Берен актер Бюлент Иналмен некеде болып үлгерді. Одан кейін екі жыл бойы режиссер Левент Семерджимен көңіл қосып, Fatmagul хикаясының түсірілімі кезінде онымен айырылысады. Содан кейін, хикаядағы серіктесі Энгин Акюрекпен кездеседі екен деген сөз тарады. Алайда, бұл көпшіліктің пікірі ғана болуы керек. Өйткені «Мезгілсіз сезім» хикаясының көрсетілімі кезінде көрермендер арасында Берен енді Кыванч Татлытугпен көңіл жарастырыпты деген сыбыс тарады.
Кыванч Татлытуг – түрік киносының жұлдызы – актер және модель. 1983 жылы 27 қазанда Адан (Түркия) қаласында дүниеге келген. Балалық шағында Özel Çağ Lisesi атты лицейде баскетболмен айналысады. Кейінірек оның отбасы Стамбулға қоныс аударады. Мұнда Кыванч модель ретінде бағын сынап, спортпен де шұғылданады. Ол модель ретінде табысты еңбек етіп, 2002 жылы Best Model Of The World атағын жеңіп алды. Осыдан кейін, Кыванчқа көптеген ұсыныстар түседі, нәтижесінде ол Парижге қоныс аударады. Онда 1,5 жыл қызмет еттті. Алайда, киноға деген қызығушылығы күннен-күнге арта береді. Сондықтан да, «Гюмюш» телехикаясында Мехметтің рөлін сомдау туралы ұсынысты қабыл алады. «Бала кезімнен-ақ, актер болуды армандағанмын. Алайда, актер болудың қиындығы сол, жақын адамдарың мен жеке өміріңе көңіл бөлуге –уақыт тым аз»,- дейді Кыванч. Ал, «Мезгілсіз сезім» хикаясындағы рөлі үшін ол Жылдың үздік актеры атағын жеңіп алды.
«Мезгілсіз сезім» - Бехлюл мен Бихтердің бір-біріне деген құштарлығы жайлы фильм – соңғы жылдағы түрік киногерлерінің ең үздік шығармасы.
Аднан - Стамбул қаласындағы ең дәулетті және сыйлы жандардың бірі. Әйелі қайтыс болғаннан кейін қызы Нихаль және ұлы Бюлентпен бірге, қаладағы ең әдемі үйлердің бірінде өзімен-өзі, мамыражай тірлік кешуде. Бұл шаңырақта сондай-ақ, француз күтуші және жиені Бехлюль де тұрады. Бірде ол Бихтер атты жас сұлумен танысады. Ол баяғы жас кезіндегідей бойжеткенге ес-түссіз ғашық болады. Ал, жақында ғана әкесінен айырылған қыз Аднанмен бірге жанына пана тауып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Оған тұрмысқа шығып, үлкен үйде жұбайлардың сенімге толы өмірлері басталады. Бірақ, жүректерді жаулаған мезгілсіз сезімге шара бар ма?! Бехлюль мен Бихтер бір-біріне ғашық болады. Осылайша жастар құштарлық құрсауында қалады...
4 қаңтардан «31 арнада», 20:00-де!