writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Ml78u4HGCyM&feature","width":"425","height":"350"});
Ол тұңғыш рет театр сахнасына студент кезінде шыққан болатын. Анкарадағы колледжде оқып жүргенде мюзиклда басты рөлдердің бірін сомдайды. «Өмірі өз арнасына түспегенін сезсе де», әкесінің талабы бойынша бизнес саласын меңгереді. «Өзімнің айналысқан ісімнен рахат ала алмадым»,-дейді кейіннен бұл туралы актриса. Студент кезінде ол Эфе атты жігітті кездестіреді, оны үлкен киноға жетелеп әкелген де сол еді.
Бір күні ол маған: «барып анкета тапсырып көр, одан ештеңе жоғалтпайсың», деді. Мен сынақты ойдағыдай тапсырып, Стамбулдағы актерлік шеберлік курсына қабылдандым. Сонда қоныс аудардым. Бәрі түсім секілді еді», - дейді актриса кейін сұхбаттарының бірінде.
Актрисаның айтуынша Эфе – оның бүкіл өмірінің махаббаты. Олар 3 жылдай кездесіп жүреді. «Бір күні түнде ол жұмыстан қайтпады, кейін ағасы хабарласып, апат болғанын жеткізді. Ауруханада Эфенің қайтыс болғанын білдім. Бәрі тез арада болып, бәрі өзгеріп кетті. Сүйікті адамымның өлімі мені есеңгіретіп кетті, жаныма қатты батты. Кейін, қайғыға берілмей, өз арманымды жүзеге асыруым керек екенін, Эфенің де соны қалағанын түсіндім», - деп еске алады Берен. Осы оқиғадан төрт ай өткен соң ол алғаш рет көркем фильмге түседі.
Осыдан кейін, Берен Саат актриса ретінде табысы басталды. Жымиса екі бетінде кішкентай ойық пайда болатын актриса миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулады. Ол Түркияның ең үздік режиссерларымен жұмыс істеп, ең дарынды актерларымен бірге түсірілім алаңында жұмыс істеді. Оның рөлдерінің әрқилылығына кез-келген табысты артіс қызығарлықтай. Берен қорғансыз ауылдың қызынан бастап, айлалы әйелге дейін кез-келген бейнені келістіре сомдай алады.
Актриса фильмдегі әріптесімен бірге көпшілік алдына шыққан күні-ақ, жұртшылық оның жаңа махаббаты туралы сөз ете бастайды. Жас болғанына қарамастан, ол әйгілі актер Бюлент Иналмен некеде болған. Одан кейін екі жыл режиссер Левент Семерджимен кездеседі және Fatmagul хикаясының түсірілімі кезінде ол жігітпен де қош айтысады. Сары басылымдар бұл оқиғаны фильмдегі Фатмагүлдің (Берен Саат) ғашығы, Керемнің рөлін сомдаушы Энгин Акюрекпен байланыстырады. Бойжеткен оны жоққа шығарады: «Мен фильмдегі немесе хикаялардағы әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін. Мұның барлығы да баспасөздің жорамалы ғана», - дейді ол. Көрермен актрисаның махаббат майданындағы қарым-қатынастары туралы ешқашан жан-жақты біле алмайтын да шығар, өйткені ол өте сыпайы және жеке өмірі туралы ашық айтқанды ұната бермейді. Біз тек ол сомдаған басты кейіпкерлердің бірі Фатмагүлдің сүйіктісімен қарым-қатынасы қалай өрбитінін бақылай аламыз. 2 мамырдан бастап «31 арна» атышулы Fatmagul телехикаясының екінші маусымын көрсетуді бастайды.
Екінші маусымда бірнеше ай бұын болған қайғылы оқиғаға қатысушылардың өмірі толықтай өзгереді. Керем (Энгин Акюрек) ендігі жерде Фатмагүлдің (Берен Саат) қас жауы емес, керісінше бойжеткен бұл жігітпен бірге ғұмырын өткізуді қалайды. Мұстафа (Фырат Челик), Фатмагүлдің бұрынғы жігіті күлге ұшқан арманы үшін кек алғысы келеді. Яшарандар әулетінің балалары Селим (Энгин Озтюрк) және Эрдоған (Каан Ташанер) жан достары Вуралды өлтірген адамды іздеп таппақ.
Бұл аралықта Фатмагүлге қатысты іс көпшілікке жария болды. Қоғам тарапынан қолдау тапқан бойжеткеннің бойына сенімділік ұялады. Яшарандар бұл жолы жеңілулері мүмкін екенін түсінеді. Заң алдында жалтару үшін әйгілі әулеттің өкілдері қандай амал қолданады? Фатмагүлдің махаббатымен сеніміне ие болу үшін Мұстафа қандай қадамға барады? Жаңа бақытты өмір бастау үшін Керем мен Фатмагүл қандай қиындықтарды жеңуі тиіс?