Берел қорымы, Оралхан Бөкейдің үйі, Қатонқарағайдағы кеш // "Алтай қазынасы" экспедициясы
жеке
блог
блог
Алтайдағы жетінші күн қызыққа толы болды. Кеше қоныстанған Таутекеліде таңғы асымызды ішкеннен кейін біз алдымен Берел қорымына соқтық. Ол жерден табылған құнды жәдігерлерді көріп, тарихтан сусындап, ерекше әсер алдық. Артынша атақты жазушы Оралхан Бөкейдің ауылы Шыңғыстайға бардық. Қаламгердің үйін көргеннен кейін Қатонқарағайға жетіп, сол жақта жетінші күнді қорытындылап, лагерь құрдық.