Белгісіз себеппен Samsung galaxy Tab 3

Белгісіз себеппен Samsung galaxy Tab 3
жеке
блог

       Бүгінгі күннен менің көңілім қалды. Мағынасыз, мәнсіз, зая кеткен күнімнің орнын немен толтырарымды білмей әлекпін. Бүгінгі күннің сәтсіздігі барша күнімнің мәнді өтуіне кері әсерін тигізгендей.

самсунг

       Күндегі әдетіммен таңертең ерте тұрып университетке жол тарттым. Әрине, күндегідей ұйықтап қалып асығыс жиналдым. Сол уақытта қолымда ненің барын, ненің жоғын да байқамай қалыппын. Бір жыл көлемінде ғана ұстаған планшетымды қайда жоғалтып алғаным мүлдем есімде жоқ. Үшті – күйлі жоқ болып есімде де қалмаған планшетым қолды болды ма екен?! Ендігі ұстап жүргенім өзіміздің ескі Нокиа...

нокиа

Бір өзіне қанша мүмкіндікті сыйдырған бұл планшетпен мен көп дүниені бітіретін едім. Әлеуметтік желілерді былай қойғанда, ішінде көп бағдарламаларым болатын. Нөмірлерім екінші қарапайым телефонымда да бар болған соң оған қапа болмадым. Суреттерім де әлеуметтік желілерде сақталған – тын. Ең өкініштісі, бұл планшет ата – анамның сыйлығы және менің алғашқы қолға түсірген су жаңа телефоным болатын. Іздемеген жерім жоқ. Үйдің де бұрыш – бұрышын ақтарып, қарамаған жерім қалмады. Өте қатты өкіндім. Бір танысым «Ой, не қыласың, болды енді, ары кетсе 10 000 теңге тұрған шығар» деп жылы жапты. Біріншіден, 10 000 тұрғанның өзінде ата – анамның сыйлығы әрі 10 000 теңгені ақша емес деп кім айтты?! Екіншіден, 2012 жылдың желтоқсанында бұл планшеттердің бағасы 45 000 теңгені құрады. Дәл сол кезде алған болатынмын. Әрине, ішімде бір үлкен күйініш болып тұр. Ата – анамның бетіне қарауға ұялып жүрмін.

телефон

       Енді өзімді қолға алмасқа болмас. Біріңіз планшет үшін не болды дерсіз, мүмкін, қолдарсыз. Бірақ, бір анығы, бүгінгі күнім өте сәтсіз өтті. Университетте де рубежка деген бар, оны да қатыра алмай жатырмын. Оған қоса, келесі аптада мидтериум деген тағы бар. Қысқасы, мен үшін бұл күн мәңгі есте қаларлық ең сәтсіз күндерімнің бірі болып қалмақ.