Beeline орталығына қош келіпсіз!

Beeline орталығына қош келіпсіз!
жеке
блог

Осыдан 6,5 жыл бұрын алғаш рет Будапешт қаласында болғанымда ол жақтағы қызмет көрсету түрі мен сапасына қатты таң қалғанмын. Кез келген қызмет көрсету орталығындағы жағдайды көріп, клиенттер мен қызметшілерге жасалған жағдайды көріп қызығып кеткнемін. Әр орталықта шағын кафе, кітапхана, музыка тыңдайтын орын, тегін WI-FI, тіпті демалып алуға болатын жайлы кереуеттербар. Орталыққа келген әрбір клиент өзін жайлы сезіне алады. «Мұндай қызме көрсету орталығына күнде барса да болады ғой» деп ойлап едім.

Іздегенге сұраған дегендей, біздің де елде осындай орталық ашылды. Менің сүйікті мобильді операторым Beeline компаниясының Алматыдағы Арбатта жаңа қызмет орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл орталықта спаалы қызмет түрлерін алып қана қоймай, өз уақытын пайдалы әрі тиімді өткізе алады. Кітапқұмар жандар, арнайы бөлмедегі кітаптарды оқи алады. Кейін ол кітапты арнайы QR-код көмегімен Beeline кітапханасынан тауып ала алады. Музыка тыңдаймын десе, құлаққаптар бар үстелге келіп Яндекс.Музыка қосымшасынан қалаған музыканы тыңдай алады. Сондай-ақ, жаңадан шығарылған электронды құралдарды, смартфон, велосипед, дрон камераларын сатып ала алады. Өзіне өзі қызмет көрсету нүктесі де бар. Тіскебасар алып, ыстық кофе ішем десе орталықта кафе жұмыс жасайды.

Болашақта мұндай орталықтардың санын арттыру жоспарда бар екен.

Beeline орталығына қош келіпсіз!