Базбек Давлетов – Шеффилд университетінен шақырылған профессор
блог
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасында әлемге әйгілі ғалым профессор Базбек Давлетов дәріс оқиды. Бұл университеттің зерттеу университетіне айналу бойынша стратегиялық жобасының іске асырылуы аясында жүзеге асырылып отырған игі бастамалардың бірі.
Б.А. Давлетов М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінде білім алған. 2013 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты профессор Томас Садхофтың жетекшілігімен Техас оңтүстік-батыс медицина университетінде (АҚШ) PhD диссертацияларын қорғаған. Профессор Б.А. Давлетов Wellcome Trust Research Fellow, Imperial College, London (1995-1997) беделді грантының иегері, 15 жыл бойы Кэмбридж университетіндегі (Ұлыбритания) молекулалық нейробиология бойынша зертхана бағдарламасының көшбасшысы болды, жоғары жарияланымдық белсенділікке ие (Хирш индексі - 43). 2012 жылдан бастап Давлетов Б.А. Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) биомедициналық ғылымдар бөлімінің басшысы болып табылады. Ол молекулалық нейробиология саласындағы бірқатар жаңа бірегей технологиялардың авторы. Атап айтқанда, жаңа анальгетикалық дәрі-дәрмектерді ұзақ әсер ететін SNAP25 протеазаларын нейрондардың таңдалған үнсіз түрлеріне қолдану, Ботокс көмегімен ауырсынуды азайту саласында. Ол созылмалы ауруы бар тышқандардағы модельдерде нейрондардың ауырсыну белсенділігін басуға қабілетті SP-BOT және Derm-BOT молекулаларын анықтаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ университеті басшылығының дүние жүзіне әйгілі ғалымдарды студенттер мен магистранттарға, PhD докторанттарға дәріс оқуға шақыруы ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыра түседі, халықаралық ғылыми қорларды қаржыландыруды тартады және университеттің мәртебесін арттырады деп күтіледі. Бұл біздің кафедрамыздың бастамасымен Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде алғаш рет ашылғалы отырған жаңа ғылыми бағыт - нейроғылымды дамыту үшін өте маңызды.
Қайрат Б.Қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушысы
Умбетьярова Л.Б.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының доценті