Байыбына бармай бабамызды даттап, күнәлі болмайық!

   Адамзат азғындығы ғасырлар бойы жалғасып келеді. Надандық пен зұлымдық, ашкөздік пен дүниеқоңыздық, шектен тыс ұлтшылдық, өзгелердің жеріне және табиғи ресурстарына көз аларту, қанша жазықсыз жандардың көз жасына себеп болып келеді. Кейбір адамдар мен тұтас қауымдар өздерінің зұлым пиғылдары жолында, ойына келген барлық айла-шараларды құрал ретінді пайдаланып келеді. Тіптен, тарих жазуда қасақана бұрмалаушылық жасау, арам саясаттың үлкен бір құралына айналған еді.

   Оларда, мемлекет болған емес, олар қараңғы әрі надан болған, тек көшпенді өмір ғана кешкен, ғылым-білімі, мәдениеті, жазуы болмаған деген сипаттағы кемсітулер  осындай саясаттың бір қыры екені даусыз. Отан үшін, егемендік үшін арпалысқан, қанша зиялыларға халық жауы деген лақап таңылды. Тәуелсіздік үшін соңына дейін күрескен, соңғы ханымыз Кенесарының да, кезінде бүлікші аталғанын білерсіз. Еліміз үшін от кешкен барлық ерлеріміз бен хандарымызға Тәңірім разы болсын!

   Сол қатарда, Бату, Берке, Керей мен Жәнібек, Абылай, Кенесары және басқа барлық дерлік хандарымыз елімізге зор үлес қосты. Бірақ, осы аяулы азаматтарымыздың кіндік бабасы Шыңғысхан атын естігенде, кейбір жандардың көңілі бұзылып сала беруі таңғалдырады. Ол, қазақ емес, зұлым, қанішер болған, деген сөзді ойланбастан айта салаудан тайсалмайды. Өздерін, жоғарыдағы жымысқы саясаттың құрбаны болып тұрғанын да аңғармайды. Кеңес одағы кезеңінде, адамның ата бабасы маймыл, еңбек ету нәтижесінде адамға айналған, деген ұғымды санаға сіңіруге тырысқан еді. Осы жайтпен өте бір ұқсастық байқаймын. Шыңғысхан моңғол, бірақ балалары қазаққа айналып кеткен, деген ертегіге сенушілік. Және оның әскерінің барлығы дерлік, қазақ ру-тайпалары: керейлер, наймандар, арғындар, қыпшақтар, қоңыраттар, адайлар, жалайырлар, қияттар және т.б. болғанына сене тұра, қалай шамалы моңғолдар біздің жауынгер бабаларымызды айтқаны мен айдауында жүргізге алуы, ертегісіне сенеді. Қазағелінің рухын жаныштап, сендерді моңғолдар басып алып моңғолдандыңдар, солармен шатыссыңдар, езсіңдер дегендей жаланы қалай жеңіл қабылдайды екен. Әлде намысымыз өлген бе?! Осыған қайран қалам. Қисықтық пен тоңмойындық адамның алдымен өзіне опа бермесі анық.

Енді, фактілерге тоқталайық:

Шыңғысхан империясы түркі тілінде, қазіргі қазақ тілінде сөйлеген(солай айтсақ болады, 95 пайыз сәйкес), қазір дәлелдер жеткілікті түрде;

Зерттеуші ғалымдар қазақтар, қазақ ру тайпалары жайлы Иран мұрағаттарынан 10 ғасырға жататын жазбалар тапты. Бұл да қазақтар кейін пайда болды дегендерге қарсы дәлел.

Батыс патшаларына жолдаған хаты қазақ тілінде болған, европа музейінен айғақ хат табылды;
Құрылтайда, керей, найман, арғын, жалайыр т.б рулар ақ киізге орап хан көтерді. Біріншіден, "құрылтай" қазақ сөзі. Екіншіден, бұл жерде моңғол тайпалары болған жоқ. Үшіншіден, киізге орап хан көтеру қазағелінің салты(ертедегі түрік қағанатынан бері келе жатыр), кейінгі Абылай, Кенесары хандар және т.б. да құрылтайда ақ киізге орап, төбе(тау, Ұлытау) басына көтеріп хан сайлаған; Қазіргі Монголия халық республикасы, Кеңес Одағы қолдауымен 1924 жылы құрылған. Жергілікті ұлт өздерін халха деп келген, өздерінің моңғол екенін сол кезде білді, Шыңғысхан туралы да сол кезде естіп біле бастады. Яғни, олардың ұлтына моңғол атауын берген де, Шыңғысханды меншіктеп берген де Кеңес Одағының саясаты; Шыңғысхан империясында өмір бойы қызметте болған, парсы текті тарихшы Рашид ад-Дин, өз жазбаларында Шыңғысхан қауымы түркі текті болғанын және Шыңғысхан оларға «мәңгіел» секілді жалпы атау бергенін, солай атала бастағанын нақты келтіреді; Батыс елдерінің, Рубрук, Карпини, Марко Поло секілді саяхатшылары, Шыңғысхан империясына жасаған саяхатында, бір ғана ұлттың ішінде болғанын, олардың бір тілде сөйлегенін, бір дін ұстанғандарын жазып кеткен. Олардың сипаттаған салт-дәстүрлері, ішкен тағамдары қазақтікіне 100 пайыз сәйкес; Шыңғысхан мөріндегі жазулар қазақша жазылған(моңғолша сөз жоқ); Шыңғысхан империясының шығарған ақшаларында, мұсылмандық калимә тайға таңба басқандай жазылуы, оның мұсылман екеніне айғақ; Шыңғысхан айналасындағы адамдардың аттары, оның балаларының аттары да қазақша. Хан деген атақ та қазақтың сөзінен, моңғолда ондай сөз жоқ; Негізгі есімі, Теміржан(Темірші, Темежан) – бұл да қазақ сөзі; Қазақ ру тайпаларын қырғынға ұшыратқан жоқ, керісінше біріктірді. Бұған ешкім дауласа алмайды, қарсы дәлел жоқ; Отырар қаласын қырғынға ұшыратты дегені жаңсақ екені жайлы ақиқат ашылды. Ол қаладағы хорезм мен парсы елінің қойған зұлым басшысын құлатып, қаланы қайтарып алғаны анықталды; Жаулаған жерінде, шіркеу мен ғимараттарды қиратпағанына, әйел-бала шағаны өлтірмегеніне дәлелдер бар, керісінше айуандық пен жауыздық тек, арнайы тағылған жала екені, кейбір шындыққа симайтын қауесеттердің тексерілмей көшірілуі негізінде жазылғаны анықталуда; Әділдікті бетке ұстаған адам болғанына барлық зерттеушілер келіседі; Қазіргі генетиктер, қазақ шешіресі(генеалогиясы) ДНК генетикалық мәліметтерімен 90-95 пайыз сәйкес келетінін дәлелдеді; Қазақ шешіресінде, Шыңғысхан руы төре(жалайыр руының бір тармағы немесе қият) делінеді, назар аударыңыз, бұлар ертеден өз қазағымыздың рулары;  Адайлардың(ішінде мұңал және қият руы болған), тарақтылардың, жалайырлардың(ішінде төре руы болған) ру таңбалары бірдей, яғни тарақ(айыр) секілді, Шыңғысханның таңбасымен бірдей. Соған қарағанда бұл қазақтың руларында бір жақын-туыстық болған сияқты. Бір айта кетер жайт, Мұстафа Шоқай Түркістан легионын құрғанда осы тарақ таңбаны, өздеріне логотип еткен. Генетиктердің тағы бір жаңалығы, әр қазақ гені өзінің ру-тайпасына қарамастан үлкен төрт генетикалық компонеттен тұрады, яғни 50-55 пайызы шығыс азиялық, 25 пайызы епропалық, 10-15 пайыз таяу шығыс, 10 пайызы орта азиялық екені анықталды. Меніңше, бұл да біздің жарты әлемді билеген кезімізде әр түрлі халық қыздарын әйелдікке алғанымыздың бұлтартпас айғағы; Ғалымдар есебі бойынша, егер қазақ халқына арнайы қырғын, ашаршылық жасалмағанда, қазір санымыз кем дегенде 70 млн.-нан асар едік дейді. Құдайға шүкір, бүгінде әлемдегі, қазақтардың саны, жарияланбаған мәліметтерді қосқанда 18-19 млн. шамасында. Ал қазір моңғолдар саны ше, қытай ішкі мұңғылын қоссақ та 6 млн. адамнан аспайды.   Сонда, 12-13 ғасырда 250-500 мыңға дейін әскерді, басқаға қарағанда қазақтың шығара алу ықтималдығы үлкен; Көп жылдар бойы, Шыңғысхан тарихын зерттеген, жапон ғалымы Отаги Матсуо, қазіргі моңғолдарда Шыңғысхан ұрпағы жоқ деген тұжырымға келген; Қытайлық қазақ ғалымы, Тілеуберді ағамыз, «мұңғылдың құпия шешіресі» аталып кеткен шығарманың о баста, түркі-қазақ тілінде арапша аріптермен жазылғанын, тілдік тұрғыда сараптап, өз еңбегінде дәлелдеп шықты. Түпнұсқаның әдейі бұрмаланып, кейбір тұстары алынып тасталғанын дәлелдеп береді. Ол кісінің кітабында Шыңғысханның мұсылман екеніне де айғақтар бар. Бастапқыда ол шығарманың атауы «Шыңғысханның түп тұқияны» болған екен. Ол қытайша көшірілген нұсқасын талдап кітап жазған, ол кітап «Құпия шежіренің құпиясы» деп аталады, сатылымда бар; Киізге орап хан көтерген Шыңғыстау, Семей өңірінде, ол жерде Абай атамыз да өмір сүрген. Бір қызығы, Шыңғыстаудың шыңы-Мұңал аталады; Шыңғысхан туып өскен жері жайлы тың деректер шығуда, Іле өзені маңы, Жетісу, Талдықорған өңірі екеніне айғақтар табылуда. Жер су аттарында сәйкестіктер бар; Бабамыздың бір есімі, Алаша хан болуы(қабірі Ұлытау өңірінде) әбден мүмкін. Сол жерде Жошы ханның(баласы) кесенесі де бар. Бұлай деуге Мәшһүр Жүсіп Көпей ағамыздың және басқа да зиялыларымыздың  шығармалары дәлел;
Сонымен, Шыңғысхан қазақ елін біріктіріп, ұлы мемлекет құрған бабамыз екені шүбәсіз.


Бөлісу: