Байқоңырдағы емдік су
жеке
блог
блог
Бұрын бұл жерге келіп демалып отыруға онша адам келмейтін. Себебі, тазаланбайтын қаралмайтын. Ондай жерден жағдай кететіні белгілі. Қазіргі таңда шет елдегіден кем түспейтіндей етіп жөндеуден өткізді. Бұл жерде тұзды су бар. Жылдың төрт мезгілінде тоқтаусыз ағып тұратын тұзды судың тері ауруларына емі бар екен. Ауыл аймақтан осы суға түсу үшін арнайы келетіндері де жеткілікті. Тек аталмыш орын Байқоңырдың ішінде орналасқандықтан КПП-ден өту қиынның қиыны. Жазғы мезгілге үлгеріп ашу үшін мұқым Байқоңыр жұртшылығы асарлатты. Сөйтіп 4 ай мезгілде салып бітірді. Мұнда үлкендерге, балаларға арналған бассейн, футбол, воллейбол алаңы қызмет етеді. Кешен Сырдария өзенінің дəл жағасында орналасқан.