БАЙҚОҢЫР... ЕСЕК ПОЕЗД... ТОЙ...
блог
Студент күндерді есіме алсам еріксіз күлем... Күліп жатып жанарымнан еріксіз тамшы жаста үзіледі. Ия... Есіме ескі естеліктерімді алсам шынында толғанам... Есіме жиі ала бермесемде, бүгін ескі күндердің естелігі еріксіз еске алмасыма болмады. Оған бір ғана себеп 4 жыл көктем мен күзді бір өткерген Гүлжанның қалта телефоныма қоңырау шалғаны. Хабарласпағанымызға 1-жылдың жүзі болыпты. Өмірдің иірімімен университетті тәмәмдаған соң пенделікке салынып, өмір базарына сабылып кете бардық. Шынымды айтсам тобымда жалғыз ұл болғаннан болар, қыздарға етім үйреніп кетті. Әсіресе, Гүлжанның орны ерекше. Оның қызық мінезіне, аңғалдығына сан рет қайран қалғам. Өзгесін айтпағанда өткен жылдың шілде айында группаласымыз Айгерімнің тойына Байқоңыр қаласына бармақ болдық. Поездға билет алуды Гүлжан өз мойнына алған. Сонымен «купе» алдым, тез жетіндер дегені. Артынып-тартынып вокзалға келдік. Жолға шыққан жолшы болған соң, телміріп сағатымызға қарадық. Біз күткен поезда келіп жетті. Сол сәтте Гүлжанға ренжігенім-ай... Келген поезд қос вагонды «ЕСЕК ПОЕЗД» болып шыққаны. Мені қоя берші, қастарында жүкші қызметін атқаратын болған соң жол киіммен шықаныма қуандым. Жадыра мен Әсел Гүлжанды түтіп жердей қарап, ызадан булықты. Несін айтайын содан «есек поездың» жүргіншісі болып Байқоңырға жеттік. Алдымыздан күтіп алмақ болған құда балдардан бас тартып, өзіміз такси жалдап бардық. Есек поездан түскеніміз үшін шынында ұялдық. Сол кездегі қызықтарға не жетсін. Той мұсылмандық негізде болғаннан болар қыздардың мазасы қашты. Содан, той үстінде 3-қызбен қатар билеп, шымкенттік жомарттығыма бастым... Тойға шығар алдында киімімді үтіктеп берші деп, Гүлжанға берсем ол байқамай жеңін үтікке басып алыпты. Одан өзге амалым болмай үтікке киген көйлекпен Байқоңырдың төрінде той тойлағаным бар... Міне сол өткен күндерімізді есімізге алып еріксіз күліп алдық!