Заман емес , адам міне өзгерді...
блог
Сәбилерді ойыншықтай биледі.
Ана деуге бола ма ,егер өз баласын
Жаман жерге тастап кетіп ,ойламайтын,
Көре тұра пәктігін көз жұматын,
Періштеге тең келер өз сәбиін ,
Туылмай-ақ аямастан өлтіретін.
Жүрегі жоқ ,аналар, қандайсың сен!
Салыстыруға тең келмейсің хайуанмен!
Жануардың өздері де өлтіре алмас ,
Өз баласын көздерінің пәктігінен ...
"Аяйсың ба біреудің жас баласын?"
Бұл сөздерді қалайша ұғынарсың?
Жүрегі жоқ әйелдер көбеюде,
Соның бірі - күтуші аямайтын.
Кей аналар жалдайды күтушіні ,
Жақсы , жаман түсуі екі талай.
Ұрып , соғып ,аямас күтушілер!
Жоғалыңдар,бұл дүниеден күйік болмай!
Сендей жандар,адам да емес , хайуан да емес,
Жүрегіне жын мен шайтан кірген елес!
Бұл сәбилер адам болу үшін келген ,
Үлкендердің қолындағы ойыншық емес!
Ұнаттың не ,ұнатпадың балаларды ,
Ең бастысы сыйлай біл ,сен,оларды!
Ей,аналар,далаға емес ,қоқысқа емес ,
Тым болмаса сыйлашы оған жылы ортаны!