Визуализация...

    Сәлем, сәлеем,  Массагеттіктер! Байқау басталғалы басымнан неше түрлі оқиғалар өтті. 9 түрлі мақсатты алдыма қойып, 3 апта ішінде 4  жоспар нақты орындалды. Ең бастысы көңілдегі қуаныш оты сөнген жоқ. Кітапхана мен үй ортасын жол қылып жүрмін. Бүгін тағы да кітапханаға бармақшымын. Бұрын кітапханаға жиі бас сұға бермейтінмін. Ал, қазір бәрі 90 градусқа дейін өзгерді.

    Түнімен ұйқы көрмей алдағы аптада не туралы жазатынымды ойлап шықтым. Визуализация дейді ғой)))) Болашақты армандау арқылы мақсатқа жетуді солай атайтын көрінеді әзілкештер...

     Дәл қазір мен пианинода ойнап үйреніп жүрмін. Үш аптада "Миллион, миллион, миллион алых рооз" деген әнді (аккордтарымен) ойнап үйрендім. Әрине, пианинода ойнап үйрену үшін бір әнмен шектелген дұрыс емес. Аты әлемге  мәшһүр болған Димаш Құдайбергеннің жеке туындысы "Ұмытылмас күн" әнін оң қолмен ойнап үйрендім.Енді аккорд ұстап үйренсем екі музыкалық шығармада еркін ойнап шыға алатыным анық. Тәлімгерсіз үйрену қиындыққа соғып жатқаны рас. Ютуб желісіндегі онлайн сабақтарға қатысып біраз тәжірибе жинадым. Келесі аптада тәлімгерім келеді. Пианинода ойнап үйрену процессі тез қарқын алатын болады. Ал қазір (толық емес) музыкалық туындыны тыңдап, баға беріңіздер. Әуеннің аты есіме түспей тұр)

 


Бөлісу: