Сәлем Массагеттік достар! Міне, сәрсенбі күніде келіп жетті. Уәде еткенімдей алдарыңызда "Үздік 5 ақын өлеңін" жариялап отырмын. Көріп бағасын беріңіздер!
Мұхтар Шаханов әдебиет сахнасында шындықтық пен батылдықтың нағыз символы. Нағыз ұлтының бағына туған дарын.
Мұқағали Мақатаев мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Ақұштап Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді.
Фариза Оңғарсынова поэзиясы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық.
Айтқали Нәріков бір кездері қараусыз қалап, құлдырап кеткен ауыл суреттерін ашына сырлап, елдің іргетасы ауыл екендігін жеңіл лирика арқылы санағы сіңіреді. Мейлі сіз ауылда өспесеңізде осы өлеңді тыңдай отырып, ауылға деген іңкәр сезімнің інжуінен дәм татасыз.
P.S. Бұл менің таңдаған үздік ақындарым, ал сіз ше, қандай ақындарды үлгі тұтасыз, оқисыз?