Ұйғыр самсасы құзырыңызға келіп тұр! (байқау)

Салам!(Сәлеметсіз бе?) Хушвақ кун!(Қайырлы күн!) Сизни интайин хошалмән!(Сізбен қауышқаныма қуаныштымын!) Әһвалиңиз қандақ?(Жағдайыңыз қалай?) Саламәтлигиңиз қандақ?(Денсаулығыңыз қалай?) Қандақ йеңилиқлар бар? (Қандай жаңалықтар?)

Бүгін біз ұйғыр самсасын дайындаудың қыр-сырымен танысамыз. Самбуса, пярмуда, қатлама самса, жұмыртқа қосылған самса, көкөніс самсасы. Осы атаулардың аржағында ұйғыр аспазшыларының хош иісі аңқыған, қытырлақ туындысы жатыр. Олар аталған тағамның 20-дан астам түрін дайындай алады. Самсаның барлық түрлері бір-бірінен қамыры және салмасы, пішіні мен жылумен өңдеудің тәсілдері арқылы ерекшеленеді.   Ұйғыр асханасында самсаның түрлері өте көп. Бүгін біз сізбен бірге көп қатпарлы самсаны дайындап көреміз

РЕЦЕПТІ
 Қатпарлы самса
Қамыры:
Ұн – 1 кг
Су – 300 гр.
Тұз – 50 гр.
Қатпарлы қамырға арналған май – 100 гр.
Салмасы:
Сиыр еті – 1кг
Түйінді пияз – 300 гр.
Құйрық май – 100 гр.
Тұз, дәмдеуіштер — дәміне қарай

Дайындау барысы: 

Алдымен қатпарлы самсаға қамыр илейміз.  Ұн, су және тұздан басқа бұл қамырға міндетті түрде май қосылуы керек. Самсаға арналған май - маргарин деп аталады, ол қатпарлы қамырға пайдаланылады. 
 
 
 Қамыр жұмсақ емес, қатты иленуі керек, сонда ғана әдемі самсалар бүгуге болады, ал жұмсақ қамырдан жасалған самсамыз пешке салынғанда тартымды пішінін жоғалтуы мүмкін.  Қатпарлы қамыр иленіп болған соң, тоңазытқышқа 10 минутқа салып қойылады. Тап осы қатпарлы қамырды дайындаудың құпиясы мол. Тұщы қамырды илеп, оған май қосамыз. Ашытылған қамырға — тұз салынған жылымық суға ашытқы қосамыз. Ашытылған қамыр — міндетті түрде біраз тұруы керек. Оны бөліп, демалдырып аламыз да, қамырды жайып, фаршты саламыз;


Самсаларды үшбұрышты пішінге келтіреміз.



Әдетте ұйғырлар ашытылған қамырдан жасалған самсаны тандырда пісіреді. 
Біз микротолқынды пеште пісіреміз. Өйткені, тандыр пеш жоқ.  Самса қалалық жағдайда дайындалады! 
 
 
Міне көптен күткен самсамыз да дайын болды. Сіздер де жасап көріңіздер, әлбетте! Ұнады деген ойдамын, олай болса лүпіл басып пікір білдіріңіздер. Кемшіліктері бар болар мүмкін, сіздің де ұсынар идеяңыз бар шығар бұл маған әуесқой аспаз ретінде өте маңызды!


Бөлісу: