Үнді тәттілері "бурфи мен джалеби"

Үнді тәттілері "бурфи мен джалеби"
жеке
блог

Бірінші ұсынатын тәттім "бурфи" деп аталады. Ол өзінің дәмділігімен де әдемі көрінісімен де адамды баурайды. Бұл тәттінің көптеген түрлері бар. Өзім ұнатқан түрін жасап, сіздерге құрамын айтпақпын.

бурфи

Бурфи тәттісі:

200 г сары май;

200 г қант;

150 г қаймақ;

200 г жаңғақ;

450-500 г құрғақ сүт;

Ең алдымен сары май не кілегей майын (маргарин) отқа ерітіп аламыз. Толықтай еріген соң, үстіне қант салып, тоқтамай араластырамыз. Қанттың еруін қадағалағаныңыз жөн. Содан соң, қаймақ салып араластырамыз. Қоспаның бетіне ақ көбіктер шыққанша араластырып, дайын болған соң, отты өшіріңіз. 

сера

Қоспаңыз суығанша құятын қалыпты дайындап, бетіне фольга төсеңіз.

Қоспаны ыдысқа құйыңыз. Оны 2 минут миксерлеп, үстіне құрғақ сүтті жаймен салып, араластыруды тоқтатпаймыз. Қоспамыз толық дайын болғанша араластыруды тоқтатуға болмайды.

Дайын болған соң қалыпқа құйып, бетіне жаңғақтар салып әсемдейміз. Қалауыңызға қарай сәндеңіз.

Сізге де жақындарыңызға да бұл тәтті ұнайды деген сенімдемін.

бурфи


Джалеби:

джалеби

2 стақан ұн;

3 ас қасық қант;

1/4 ас содасы;

1 ас қасық қаймақ;

2 стақан су;

2 қасық (манная крупа);

Ыдысқа судан басқа құрамның бәрін кезекпен саламыз. Содан кейін 2 стақан су құйып, қоспаны жақсылап араластырамыз. Ұн толықтай араласуын қамтамасыз етіңіз. Дайын болған қоспаны бетін орап, жылы жерге қоямыз.

Бірнеше уақыт өткеннен кейін, қоспаны жылы жерден шығарыңыз. Джалебиді майға пісіретіндіктен, өзіңдік пішіні болады. Сондықтан, қағаздағы сүттің сыртын тазалап өзіңіздің керегіңізге жарата аласыз.

курам

Суреттегідей әдіспен джалебиді майға пісіреміз. 

Дәмі де түрі де адамның тәбеттін ашып қана қоймай, сізге көптеген мадақтаулар әкеледі.

джалеби

Асыңыз дәмді болсын. Тәттілер ұнады деген ойдамын.джалеби