ҰБТ-ны жеңу үшін тек қана еңбектену керек (байқау)

Сәлем достар! Сіздермен тағы да біргемін. Осы жылы 10-ыншы сыныпты аяқтап, 11-ді бастамақпын. Ендігі уақытымды ҰБТ дайындыққа арнап жатырмын. Дайындығым өз деңгейінде болса, еліміздің беделді университеттерінің бірінің студенті атанатуға мүмкіндігім жоғары болады.

ҰБТ-дан жоғары балл жинау үшін талапты еңбек ету керек. Жауапкершілікті өз мойнымызға алып, 11 жыл білім берген ұстаздар мен ата-анамыздың сенімін ақтауымыз керек. Сондай-ақ, өмірлік наның болатын мамандығыңа байланысты пән таңдау керек. Менің таңдап жатқан мамандығым ақ халатты абзал жан болу. Алла бұйыртып жатса бұғанда жетермін. Иншаллах! Осы межеде мен осы аптада толығымен жоспарлы қайталау жасадым. Ол үшін: 

- Өткенді қайталау (Таңдау пәніңе байланысты)

- Керекті кітаптарды жинақтап, түгендеу. Бастапқы 6-7 сыныптан бастап қайталау.

- Өзіңе керекті маңызды жерлерін түртіп, жазып отыру. Оларды жазып қоймай, жаттау.Таңертеңгі уақытпен ерте тұрып, қайталау. Кесте құру, диаграмма сызу жаттауға ыңғайлы. Бұл қажет болған кезде пайдалануға да пайдалы.

- Сұрақ кітапшаларын орындау. Өз біліміңді көрсетеді. Орындаған нұсқаңды талдап, қатемен жұмыс жүргіземін. Барынша сол нұсқаны жаттауға тырысамын.

- «Талапкер» тест жинағын орындаймын. Жоғары балл, үздік баға алу үшін әлі де көп іздену керек.



Барынша дайындығыма уақыт бөліп, сол уақыт аралығында көп нәрсені үйренуге тырысамын. Бос уақытымды тиімді пайдаланамын. Алдағы уақытта тағы да өз мақсаттарыма қалай жетіп жатқаным туралы блогтарымды жариялаймын. Жаз бойы менімен бірге болыңыздар!



Бөлісу: