ҰБТ-ға сағат тілі арқылы дайындалып көрдіңіз бе? (Байқау)
блог
Сәлем Массагеттің тұрақты оқырмандары!
Мен әдеттегідей тестіге дайындалып жатырмын. Осы аптада қазақ тілі, орыс тілі және қазақстан тарихы пәндерін қарау үстіндемін.
ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылар болса, мен оларға дайындалудың тың әдісін ұсынбақпын. Оны тарихи тақырыптардың барлығына қолдана беруге болады.
Қолымызға сағатты алайық. Сағат тіліндегі 1 минуттың айналымын 100 жыл деп есептейік.
Енді ойлаңыз! Кеш батты. Сағат 16:35, яғни, 1635 жыл. Бұл Жоңғар хандығының құрылған уақыты.
Ал, 16:43-те (1643ж) жоңғарлар Қазақ хандығына шабуыл жасайды. 17:58-де (1758ж) жоңғарлар Қытай жауынгерлерінің шабуылына төтеп бере алмай қалады.
16:43-тен 17:30 арасындағы уақытқа тоқтайық.
Бұл жоңғарлардың қазақ жеріне шабуыл жасаған кезең.
Жоғарыда атап өткендей, сіз бұл әдісті кез келген тақырыпта қолдана аласыз. Бұл тәсіл сіздің тарихи күндерді тез жаттап алуыңызға үлкен көмегін тигізеріне сенемін.