ҰБТ-ға дайындық(байқау)

ҰБТ-ға дайындық(байқау)
жеке
блог

Армысыздар, менің массагеттік достарым! Қалдарыңыз қалай? Мен өз дайындығым мен өткен жолғы нәтижелерімді сіздермен бірге бөліссем деймін.

Мен сіздерге ҰБТ-ның маған үлкен сынақ екенін және де әрқайсысымыз үшін ең маңызды  кезең екенін айтқан болатынмын. Осы сынақ талайларды жылатып, талайларды қуантқан. Жылағандар сынақтан өте алмай жыласа, қуанғандар бақтары жанып өткеніне мәз мейрам болуды. ҰБТ-дан еш сүрінбес үшін, жылағандардың қатарына қосылмас үшін әрқашанда дайындық керек. Сынақтан өте білсек мақсат, мүддемізге қол жеткізе білеміз. Сол үшін мен мақсатыма жету үшін дайындығымды өткен аптада айтқандай бастап кеткенмін. Мен сіздерге ең бірінші болып тарих пәнінен бастағанымды айттым. Тарихтан 7-сыныпты аяқтауға аз қалдым. Тест нәтижелерім жаман емес. Алайда нәтижем қандай болмасын дайындығымды тоқтатпауым керек. Осы қарқынмен мен бір пәнді тарихпен қатар алып жүруді жөн көрдім Ол пән мен үшін ең қиын,сынақта қиындық туғызар пән-алгебра. Алгебраның қиындығын жеңуге барынша тырысып бағудамын. Алгебрадан өткенді пысықтауды бастап кеттім. Онымен қоса "ҰБТ бойынша байқау сынағының сұрақ-кітапшасына есеп шығарудамын. Есептер  аса қиындық туғызып жатқан жоқ. Дегенмен мен алгебраға 3 сағаттай уақыт бөлуді жөн көрдім. Осы уақытта алгебра қиындығын жеңем деген ойдамын. Сіздергеде алдағы уақытта дайындықтарыңызға сәттілік тілеймін!