"Тұшпарамнан" дәм татыңыз! (байқау)

"Тұшпарамнан" дәм татыңыз! (байқау)
жеке
блог

Сәлем, менің "Массагеттік" достарым! Армысыңдар "Мұзбалақтарым"!

Осыдан бірер жұма бұрын байқаудағы рейтингіміз  төмендеп, біраз  есеңгіреп қалып едік. Кеше ғана бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып рейтінгімізді жоғарылаттық. Жалпы, қатты сүрінген сайын, келесі жеңіске  мықты  дайындалу керек екен. Осы кезең табысқа жету жолы болып табылады. 

Менің болашаққа деген мақсаттарым айқын. Мен мықты бәсекелес бола аламын, егер өзге адам мені бәсекелес санаса. 

Әр қыз баласы тағам даярлай білуі керек деп  ойлаймын. Мен тәтті бәліштен бөлек, бұл  ретте "тұшпара" әзірледім. Бұл тағамды әр адам әзірлей біледі деген ойдамын. Себебі, өзі де әрі әзірленуі де қиын емес. Дегенмен, бөліспеске болмас. 

Алдымен, ет тартқышпен етті тартып аламыз. Пиязды уақтап турап, тартылған етке үлкен қасықпен тұзын, қара бұрышын, пиязын саламыз. Айта кететіні, мен тартылған еттің көлеміне қарай салдым. 

..

Содан кейін, қамырды дайындаймыз. 250 грамм ұн алып, шұңғыма ыдысқа салып, оған бір жұмыртқаны жарып, қосамыз. Жылы сумен басып, қамырды жақсылап иін қандырып, басамыз. 5-10 минутқа қамырды ыдыспен бетін жауып қоямыз. Кейін, қайта басып, дөңгелектеп, бөлшектейміз. Сосын, қамырды оқтаумен ысамыз. Қамырымыз жұқа болу керек. Әрі, пышақпен формаға келтіріп кесеміз.

,

,

,

Жаңағы етімізді алып, бөлшектеген қамырдың  үстіне саламыз. Қамырдың қарама - қарсы тұрған бұрышын бір - біріне қосып, үшбұрышты формаға келтіреміз. Және тағыда қарама - қарсы тұрған қамырдың бұрышын қосамыз.

,

,

,

Ыстық суды  қайнатып аламыз. Тұшпара жасауға арналған ыдысқа құйып, ысыған судың үстіне жасаған тұшпараларымызды саламыз. Жарты сағат қайнатамыз. Болғаннан кейін дәміне қарай аскөк, лабр жапырағын салуыңызға болады. Айтпақшы, сорпасына бір ас қасық тұз салуды ұмытпаңыз.

,

Назарларыңызға рахмет. Астарыңыз дәмді болсын!