Түсіндіру жұмыстарын аудандық штаб мүшелері Ж.Абдукаримова мен Ж.Суйерова және аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары А.Тотикова, М.Қожабай аудан жастарына бағдарламалардың тиімділігі Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алатындығы, тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болатындығы. Жастар практикасының мақсаты жайлы, университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейтіндігі туралы түсіндірді.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы мемлекет тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде қажетті мамандықтар бойынша жұмыстар ұсынаылатындығы, жас мамандарды әлеуметтік қолдауға 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру, 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жылға арналған мерзімге тұрғынүй сатып алу және салу үшін бюджеттік несие беру, ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына тарифтік мөлшерлемелерден 25%-ға кем емес мөлшерде лауазымдық еңбекақыны көтеретіндер туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#AMANAT