Түрік тағамдарын ұнатамын!(байқау)
блог
СӘЛЕМ МАССАГЕТТІКТЕР!!!
Бүгін мен өткен аптаның нәтижесі жайлы жазбақшымын. Алдынғы блогымда түрік тағамы "пахлава" жасайтыным туралы айтқан болатынмын. Пахлаваны жасадым. Өте керемет шықты (әрине өз-өзімді мақтағаным емес). Үйдегілерге ұнады. Енді міне, сіздерменде бөліспекшімін.
Құрамы:
- Қаймақ (үш асхана қасығы) - 50 мл
- Сүт - 1 стақан
- Ас содасы - 1 шәй қасығы
- Маргарин - 60 г
- Ұн - 3,5 стақан
Сироп үшін:
- Бал - 1 шәй қасығы
- Қант - 1 стақан
- Су - 1 стақан
Алдымен маргаринді ерітеміз. Сүт, қаймақ, маргарин, ас содасын араластырып, үстіне ұн қосып қамыр илейміз.
Қамыр 10-15 минут тынығуы қажет. Одан кейін жаюға оңай болу үшін төртке бөлеміз. Қамырды жайып, 2-3см ораймыз. Оны бөліктерге бөліп, араларын ашып қоямыз.
Мен жиектері әдемі болу үшін, ирек кескіш көмегімен кестім.
Енді сироп дайындаймыз. Суға қантты қосып, қайнағанша біраз араластырамыз. Кейін бал қосып, араластырып 2 минуттан кейін газдан аламыз.
Газға майды пазлаваны пісіру үшін қыздырамыз. Май қызғаннан кейін екі жағында пісіріп, кейін бірден сиропқа 1-2 с. саламыз ( сиропқа бірден салыңыз, сонда пахлаваңыз қытырлақ болып шығады).
Әсемдеу үшін мейіз, грек жаңғағын қосуға болады. Маған олар ұнамағандықтан, жәй ғана әсемдеуіш жұлдызшалармен безендірдім.
Пахлавамыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!!! ; )