Туған жерге сағыныш

Туған жерге сағыныш
жеке
блог


       Сәлеметсіздерме? Осы аптада қандай тақырыпта блог жазуды көп ойладым. Ойлап, ойлап жүректен шыққан сөздеріммен сіздерге туған жерге деген сағынышыммен бөліспекшімін.
      Әр перзент үшін кіндік қаны төгілген жердің орны бөлек. Мен қазір туған жерімнен алыстамын.

Балалық шағым Мың өрік ауылында өтті.Туған жердің қадірі бір бөлек. Оның әр бір жерінің мен үшін орны ерекше. Өмірімнің ең керемет уақыты-көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым сол жерде өткен. Ол өлке балалық шақтың қызықтарының куәсі. Алғашқы ұстаздарым, балалық (алғашқы) махаббатым, ең қадірлі достарым барлығы сол қалада. Туған жерге деген махаббатты тек алыста болғанда ғана түсінесің. Егерде меннен қай қалаға баруды армандайсын деп сұрақ қойса, мен

-Туған жеріме,-деп жауап беретін едім.


               Не үшін туған жерді қимай сағынамын? Менің пікірімше қимас жандар (ұстаздар, достар, ауылдастар) сонда болғандықтан. Әлде ойнап-күліп өскен жер болғаны үшін. Не болмаса табиғаты керемет, тарихи, әдемі жер болғаны үшін. Туған жердің қадірін, сағынышыңды сөзбен жеткізу қиын.  

           Құрметті оқырмандар! Енді сіздер де туған жерден бір сәт алыста болғандай күй кешіңіздер. Сонда менің сағынышымды түсінетін шығарсыздар.