Баршаңызға жалынды сəлем!
Міне, байқаудың алтыншы аптасына да келдік. Осы апта мен үшін ұтымды апта болды-ау.
Пиццадан кейін қарапайым əрі дəмді пирог пісіруді үйрендім.Тəтті болғанлықтан "Sweet" деген атау бердім. Жасалу жолы өте қарапайым.
Құрамы:
- Керегінше ұн
- Бір кесе қант
- Бір шай қасық разрыхитель
- 4 жұмыртқа
Бəрін əбден араластырып алып , арнайы табаға салып , газға 180 градусқа қоямыз.
Міне, дайын!
Ал екінші тəттiге келсек ол "Сырный" деп аталады.
Жасалу жолы қарапайым ғана!
Құрамы:
- Ұн
- Сүзбе
- 2 ас қасық қант
- 2 ас қасық қаймақ
Міне , осыларды араластырып , дөңгелектеп формаға келтіріп , пісіреміз. Болғаннан кейін бетіне қант сепсе де болады.
Осымен дайын!
Астарыңыз дəмді болсын!