Төте жазу
блог
Төте жазуды үйренгеніме шамалы уақыт болса да, біраз нәрсені үйрендім. Бұл деңгейге жетуімнің себепшісі жетекшім Әсел Асановаға мың алғыс. Әпкемнің арқасында, аздап болсын оқып, өздігімнен жаза алатын жағдайға жеттім.
Алдымен, жазған, үйренгендерімнің конспектілері.
Әпкемнің берген тапсырмасымен, менің жазған шағын шығармам.
"Күй құдыреті"
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшелігі өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
"كۇي قۇدىرەتى"
قازاق حالقىنىڭ باسقا حالىقتاردان ەرەكشەلىگى ءوزىنىڭ ۇلتتىق مۋزىكاسىنىڭ بولۋى. اتادان بالاعا جەتكەن، قادىرلەپ كوزىنىڭ قاراشىعىنداي ساقتالىپ، قىمبات قازىناعا اينالدى. قايماعى بۇزىلماي جەتكەن بۇل ونەردىڭ ءبىر شىڭى دومبىرا كۇيلەرى. بۇل مۇرا عاسىردان عاسىرعا ىرىكتەلىپ، سۇرىپتالىپ، تۇرلەنىپ جەتكەن حالىقتىڭ وزىمەن بىرگە دامىپ، قالىپتاسىپ وتىرعان. بايىرعى كەزدە قازاق ءۇيىنىڭ تورىندە ءاردايىم دومبىرا ءىلۋلى تۇرعان نەمەسە ءۇي-ءىشىنىڭ بىرەۋى دومبىرادا كۇي شەرتپەيتىن وتباسى قازاق اراسىندا كەمدە-كەم بولعان. قازاقتىڭ حالىق اسپاپتىق مۋزىكاسىنىڭ بۇگىنگى كۇنگە جەتۋىنە اتاقتى دومبىراشىلاردىڭ سىڭىرگەن ەڭبەكتەرى ۇشان-تەڭىز.