Тосап қосылған тәтті нан (байқау)

Тосап қосылған тәтті нан (байқау)
жеке
блог

Массагеттің оқырмандарына сəлем! Бүгін сіздермен тосап қосылған тəтті нанның (торт) жасалу жолымен бөлінетін боламын. 

Бисквитіне:

4 жұмыртқа

Ашытқы (разрехитель теста)

1 кесе қант

1 кесе ұн

2 ас қасық какао ұнтағы.

Крем ретінде: Құлпынай немесе бүлдірген тосабы. 

Алдымен жұмыртқаны қантпен соғамыз. 

Ақшыл түске енгеннен кейін, ұн мен ашықтыны араластырамыз. 

Соңында какао ұнтағын қосып, табаға құямыз. Алдын ала қызып тұрған пеште орташа температурада пісіреміз.

 

Піскен соң аз уақытқа суытып қоямыз. Екіге бөліп, ортасына жəне үстіне тосап құямыз.