Том және Қожа

Том және Қожа
жеке
блог

      Кезекті жаңа аптаның алғашқы жазбасында мен Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері»  атты шығармасы жайында жазбақпын. 

6

  Байқап қарасаңыз әр ұлттың, әр елдің әдебиетінде тентектеу келген, балалық ойынымен  неше түрлі бұзақылық жасап, кейде опық жейтін, бірақ сондада бойындағы ерекше қасиетімен, табандылығымен әр адамның балалық шағын  есіне түсіретін кейіпкерлер баршылық. Әлем әдебиетіндегі сондай бозбала кейіпкерлердің бірі – Том Сойер. Сіз егер бұл шығарманы оқымасаңыз, бірақ Том Сойер жайлы білгіңіз келсе, жай ғана біздің Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы Қожаны көз алдыңызға елестетіңіз. Том Сойерді оқи отырып, Қожаның тентектігін, әр бұзақылық сайын қателігін қайталамауға уәде берсе де, келесі бір тәртіпсіздікке ұрынатынын; Жантас секілді өзіне жағымсыз балаларды көргенде сазайын беруге дайын тұратын, оларды келекелеп, мазақ етуден де тайынбайтын; кейбір істерімен оқырманға еріксіз күлкі сыйлайтын; өзнің тентектігінен анасының немесе апайының (Томның анасы жоқ. Ол апайының қолында өскен) көзіне жас алмағанын қалайтын баланың бейнесі санаңызда өзіңіздің балалығыңыздың бір бөлшегіндей болып сайрап тұрады.

228

       Марк Твеннің бұл шығармасы шамамен ХІХ ғасырдың отрасындағы бақытты боз балалық шақтарды елестетеді. Бұл шығарма басты кейіпкердің жас шамасын жасырып тұрғандығымен ерекшеленеді. Тентек Томның әр ісіне қарап кез келген оқырман оның жасын анықтауға тырысады. Көбісі оны 9-14 жас аралығында деп біледі.п5

         Том Сойер апайы Поллидің қолында өседі. Ол Томның анасының сіңілісі. Том бұзықтық жасаған сайын апайының көзіне жас алғанын қаламайтын. Ол апайын қатты сыйлайтын. Полли апайы да оның бұзықтықтары үшін жазалағанымен, оның жүрегінде бір мейірім барын іштей сезетін,оған сенетін.

           Жалпы айтқанда Томның өзіндік қызығушылығының, қайсарлығының арқасында, ол көптеген оқиғаларға тап болады. Тіпті, кісі өліміне де куә болады. Осы арқылы жазықсыз айыпталушыны жазадан аман алып қалады.8

          Томның арманы қарақшы болу. Ол өзінің жан досы Гекльберри Финмен болашақ қарақшылар  болуға бел байлайды. Бұл олар үшін үлкен құрмет, абырой болып көрінетін.

           Бұл шығарманы оқи отырып  балалық шағыңызды еске түсіресіз, ой түйесіз, кейіпкермен бірге қобалжуды сезінесіз. Бұл шығарма ең бастысы шындыққа негізделген.

             Шығарма маған ерекше естеліктерді еске түсірді.

 Том әдеттегідей қызғылт қоңызды қолына алып:

2

Қызғылт қоңыз, үйіңе қайт тезірек,

Балаларың өртте қалды, құтқар барып тезірек –дегенде қоңыз ұшып кететін.  Том таңданған жоқ: бұл қоңыздың ақылсыз,не болса соған сенетінін баяғыдан білетін, егер оларға үйіңде өрт болып жатыр  десең, сене қояды. Менде Томның жас шамасында  осы ойынды өзге балалармен жиі ойнайтынмын. Біз ол қоңызды «Хан қызы» деп атайтынбыз.  Біздің де оған айтар өзіндік сөзіміз болатын(әр елдің салты басқа деген осы шығар). Біз ол тіршілік иесін хабаршы көріп: «Анаңа сәлем айт! Апаңа сәлем айт! Атаңа сәлем айт!» - деп,  ойымызға келген отбасы мүшелерін тізіп шығатынбыз. Оның қолымыздан ұшып кеткеніне мәз болатынбыз.  Менің балалығымды ерекше еске салған осы тұстар болды. Бұл шығарманы оқыған жан өзіне керек жерін табатыны анық.8

Бір қызығы «Хан қызы» деп өзіміз ат қойғанмен, ол қоңыздың ғылыми атауын білмейді екенмін. Жоғарыдағы шығарманы оқып шығысымен әрі қызық ретінде, әрі біле жүру үшін ғаламтордан іздеп қарап едім, қоңызды суретінен тани қойдым.

8

Біздің «Хан қызының» шын есімі - лат. Coccinellidae(Божья коровка) болып шықты. Мені қызықтыратыны сізде балалық шағыңызда  осы ойынды ойнаған шығарсыз. Сіз ол қоңызға қандай сөздер айтушы едіңіз? Ал сіздің балалық шағыңыздың естеліктерінде ол қызыл қоңыз қандай атпен қалды?

Сіз де өз балалық шағыңыздың ойындарымен бөлісіңіз!