Түс ауа жаңбыр жауды. Терезе әйнегімен жылауық тамшылар төмен сорғалайды. Әжесі шәй қамдай бастады.
-Момыш, әжесі, Бауыржан шәйді алдарына енді ала бергенде Момынқұл кіріп келеді. Су сорғалаған шекпенін шешіп, ілді. Өзі көңілді. Бауыржанды құшақтап, бетінен құшарлана сүйді.
-Мен ауылда болмағалы дәу жігіт боп өсіп қалыпсың ғой, айналайын.
-Ал менің үлкен олжам бар-деді, Момынқұл ауыз үйдегі қоржынды ішке кіргізді де, екі басынан тазының күшіктерін алып шықты.
-Олжаң шынында керемет екен,-деп Момыш қос күшікті ұстап алып, ары-бері қарай бастады.
-Көке, бұлар түлкі алатын нағыз құмайлар ғой, ә,- деді Бауыржан әкесінің қолындағы күшіктін бірін алып.
-Әрине, тұқымы жақсы. Алла жазса түлкіге де салармыз.
-Шәйлеріңді ішіңдер, суып қалатын болды...
... Шәйден соң әкесі, ағасы, Бауыржан күшіктерді жақсылап қарай бастады.
-Шынында көмірдей қара екі күшіктің екеуінің де маңдай тұсынан басталған ақ жолақ сызық жон арқаларын сызып өтіп, құйрықтарының ұшына жете тоқтапты.
-Қане, балам, енді бұларға ат қояйық.
-Әке, мына қараңыз, бірінің төрт аяғының да табандары аппақ та, екіншісі қара. Әке бұлардың аттарын Ақтабан мен Қаратабан қойсақ қайтеді.
-Болсын. Жақсы ат екен,- деп мұны Момынқұл да қоштады.
***
Қоскүшіктің татулығына адам қызығатын. Екеуіде жақсы өсті. Келесі жылдың күзінде төменгі ауылдағы жиен келді. Келе тазыларды айналшықтап көп жүрді.
Таңертең Сәрсен Мойынқұлдан тазының бірін қолқалай бастады. Үн-түнсіз отырған Момынқұлға өлердегі сөзін айтып, болар емес.
-Жиеніңнің бетін қайтарма бер бңрін-, деді Момыш.
-Мен тазыны қимай отырған жоқпын,-деді Момынқұл,-ұяластарды бөлуге қиналып отырмын. Бұлар да бала сияқты. Бірін бірі сағынбайды демейсіндер.
-Сағынса ауыл алыс емес.
-Жарайды. Бірақ есіңде болсын. Тазы есіктің алдына байлап, үй қорытатын ит емес. Бұл ерекше күтімді, тәрбиені қажет етеді.
Сезімтал Бауыржан Сәрсен кеткен сон:
-Көке, қолыңызды неге бір-ақ сілтедіңіз,-деп сұрады.
-Оның себебі бар. Тазыға тек тойындырып тамақ беріп қою жеткіліксіз. Оны тәрбиелеу керек. Жүгіртіп үйрету қажет. Бәрін саятқа шыққанда түсінесің...
***
Түнде жауған қар кер даланы ақ күміске орап тастады.
-Нағыз қансонардың өзі-, деп Момынқұл қатты қуанды .
-Ал, Бауыржан, дайындал, аңға шығамыз. Кеше кешкісін келген Сәрсен де киініп сыртқа шықты.
Бет шымшыр аяз бар.
Бұлар атқа қонды. Момынқұл жол бастады.
Момынқұл астындағы атын сипай қамшылап еді, жорғалай жөнелді. Сәрсен мен Бауыржанның аттары сар желіске ауысты.
-Жарайды діттеген жерге де жетіп қалдық. Өзімнің әрдайым көріп жүретін бәсіре түлкім бар. Маған үйренгені соншама менен қашуды да қойды.
Момынқұл атының басын тежеп, із кесті.
-Міне, жаңа ғана асыр салып ойнапты. Дәу де болса түлкі тап қазір мына шоқ талдың ішінде жатыр,-деп қайта атқа қонды.
Төбешікке жете бере қатты дауыстап еді, бұтаның арасынан атып шыққан түлкі қаша жөнелді.
-Бас, Ақтабан!.
-Бас, Қаратабан!
Бұл көрініске саятқа шыққандар қатты қызығып тұр. Тағы біраз жүгірген соң Қаратабан қалт тоқтады да, жер бауырлап жата кетті. Ақтабан артына жалтақ-жалтақ қарап, түлкіні өкшелей қуып барады. Әне жетті. Бірақ бас салмады. Қақпайлап әкетті. Ол қақпайлаған байы түлкіні Қаратабанның алдынан өткізді. Ол тырп етер емес. Түлкі қайтадан оқтай зулады. Ақтабанның да қолтығы енді қызса керек, қарыштай сілтеді. Әне, тағы жетті. Алғашқы айласына тағы көшті. Түлкіні Қаратабанға қарай тағы қақпалай бастады.
-Көке, мына Ақтабан не істеп жүр-деп Бауыржан ағасына қарады.
-Ия, мынау не істеп жүр-деп Момынқұл да дегбір қалмады. -Япырай ұяласының мына жатысына намыстанды-ау шамасы.
Қаратабан жаңағы ұшып түскен жерінен қозғалған жоқ.
Бәрі тазы жатқан жерге шаба жөнелді. Бірінші жеткен Момынқұл атынан секіріп түсіп, Қаратабанның қасына келді.
-Сенің жүгіре алмауыңа біз кінәліміз-ау. Аузыңа майың тығылып жүгіре алмадың-ау.
-Көке, көке-деді Бауыржан Қаратабанға қарап. - Тазы жылап жатыр. Тазы да жылайды екен-ау.
-О, тоба-деді Момынқұл. - Расында жылап жатыр.
Намысқа бұ да өртеніп барады екен ғой. Аянып қалған жоқсын-ау!
Момынқұл Бауыржанға көзі түсіп еді, оның көзінен де ақмоншақ жастар төмен сырғып барады екен.
-Қой, шырағым, біраз жаратсақ ұяласына қосылып кетеді.
Олар осылай тұрып Ақтабан мен түлкіні естен шығарып жіберіпті. Олар алаңға көз тастап еді, түлкіні олай да, былай да лақтырып жүрген Ақтабанды көреді.
-Түлкіге обал болды-ау-деді Момынқұл.
-Момынқұл, кешір мені,-деді Сәрсен.-Кінә менен.
-Намыс тек адамдарда ғана бола ма десем, барлық тірілерде, тіпті табиғат анада да болғаны ғой. Олай болса табиғатты да берекесіз таптай беру жарамас...
-Бауыржан да солай ойлады.
Оқырман бұл ұзақ әңгіме еді, мен сіздерге қызықты жерлерін алып сіздермен бөлісіп отырмын.
Не дегенменде бауырға жететін жан жоқ бұл өмірде. Қиналғанда қасыннан табылатын, мұнайғанда жұбататын бауырға не жетсін, бұл әңгімеде сол туралы айтылған. Бұл әңгімеден түйгенім әр қашан бауырды бағалау қажет екенін түсіндім.
Оқырман сізге сауал:
1)Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңіз?
2)Егер сіз тазы иттің орнында болсаңыз, намыстанып бауырыңызға түлкіні қақпалай беретін бе едіңіз?
P.S: Егер лайықты болсақ лайқ басып, пікір қалдырайық, себебі сіздің ойыңыз мен үшін маңызды!