Тайсалмайтын бұл ару, не болсада алға дер

Барлық Массагеттіктерге жалынды сәлем! Құрметті оқырмандар,  мен бұл блогты Жангүлге арнасамба деймін. Өзінің тік мінезділігімен, істі соңына дейін жеткізетін Жангүлді қазір Ақмола облысының білім басқармалары мен Республиканың барлық ұйымдары, газет-журналдары таниды десем артық кетпеспін. Міне, Жангүл арқылы Массагет порталыменде таныстым. Мектепте үздік, алтын белгі үміткері, газет-журналдарда корреспондент, Республикалық "Лидер" газетінде бас редактор орынбасары , Аудандық "Жас ҰЛАН" БҚҰ президенті, облыстық "Жас ҰЛАН" БҚҰ көшбасшысы болса, РЕспубликалық "Жұлдыз" БҚҰ бірлестігінде. Спорт саласында да соның ішінде басетбол, тоғызқұмалақ  ойындарының жеңімпазы. Ақмола облыстық Жастар саясаты орталығы бірлестігі қатарында болса, олимпиадалар жеңімпазы, Еуразия Ұлттық университетінің журналистика, саясаттану факультетіне оқуға жеңілдікке ие болған. Осыларды бірге алып жүру қалай десеңізші?! Оның биылға қойған мақсаты "Жас Отан" жастар қанатына қосылу. Не себептен дейсіз ғой?! Оған ұсыныс түсіп жатсада ресми түрде 15 жасында қосыла алмайды. Сол себептен бастартып, қазан айында яғни 16 жасында қосылмақшы!   Ол өзінің артқа қайтпайтын тік мінезділігімен көзге түседі және кішкентай ғана бойымен.  Оның талай шыңды бағындыратынына сенімім зор әрі сенімдімін. Жангүлтай тек алға! Жарадың!



Бөлісу: