Бостандықтың отын жағып алауын,
Орындалды халқымыздың қалауы.
Ер мінезді қайсар қыздар Ләззаттар,
Биік ұстап қазағымның жалауын.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Еркіндікті ешкім бізге бермеді.
Қайраттардың сол күндегі қанымен,
Бостандықтың таңы бізге өрледі.
Отан үшін отқа түсті, күймеді,
Жанын қиып қазақ үшін ерлері.
Желтоқсанда жалаң аяқ жер басып,
Қара көздер ,бозбалалар ерледі.
Бәрі де өтті қазағымның басынан,
Бүгін міне ,ел мерейі тасыған.
16-шы желтоқсан ғой мереке,
Ата-баба аңсап кеткен жасынан.