Тәуелсіздік күніне арнау
блог
Уа,аспан!
Сұр бұлтыңмен сипаттадың көңілді,
Көз жасыңдай қар-бұршағың төгілді.
Талай қазақ қара жерге көмілді,
Темір торда ұмытты сені-көгілдір.
Бүгін тұрсың асқақтатып байрақты,
Ұмытпаймыз,Сәбира,Ләззат,Қайратты!
Уа,дала!
Кешегі боздақтаррды естідің бе?
Ұлым құлға айналғаны түссе есіме,
Жас жүрегім қайғыдан кетті езіле.
Тұрғандай көмек сұрап есігімде.
Бүгін сен кеңсің,дархансың,
Кешегі бабаларға армансың!
Уа,көше!
Арықтайын қан ақты ма сені бойлай?
Жаным шығар күңге айналған қызымды ойлай.
Зорлады,қорлады орыс қанға тоймай,
Қайтсін қазақ желтоқсанда желге тоңбай!
Бүгін саған тарту еттік есімін,
Батырлардың егемендіктің ашқан есігін!
Уа,халқым!
Алаңға шығып,біздер үшін жаның бердің,
Болашақты жарық етер жалын бердің.
Бостандықты көмейдегі жырың еттің,
Азаттықты мәңгілікке жарын еттің.
Бүгін жолмен салып кеткен сен сара,
Қазақ болдық,бөлініп шыққан біз-дара!
Уа,дүние!
Тәуелсіздік-қазағымның тілегі,
Менмін оның ертеңі мен тірегі!
Бодан болмай,дәмін татқан ләззаттың,
Қастерлімсің,киелімсің-азаттық!