Сәлеметсіздер ме? Мен бүгін сіздерге жаңа құрам ұсынбақпын.
Өте дәмді тәттіні сіздерде жасап көріп, бағасын беріңіздер.
"РАФАЕЛЛО"
Бұл тәттінің өзгешелігі біз кивимен дайындаймыз.
Құрамы:
3-4 киви;
150г кокос ұнтағы (арнайы тәттіге);
40г кокос ұнтағы (әсемдеуге);
3 қасық бал;
және жаңғақтар:
Дайындалуы:
1. Жаңғақты суға салып, 20 минутқа отқа қоямыз. Жаңғақты осы әдіспен тазалау үшін.
2. Кивиді тазалап, кесіп, блендерге саламыз. Бал мен кокос ұнтағында қосамыз.
3. Блендермен араластырып, біркелкі қоспа дайындаймыз. Қоспаны өте ұсақтап жібермей, қалыпты деңгейде дайын болғанда, жарты сағатқа тоңазтқышқа салып қоямыз.
4. Жаңғақты тазалап алып, қалауыңз бойынша ыдысқа салып, отқа қызартып алсаңыз да болады.
5. Қоспамызды арнайы дөңгелек формаға келтіріп, ортасына жаңғақ саламыз.
Дөңгелектеп болған соң, кокос ұнтағына аунатып, әдемі ыдысқа саламыз.
Осылай оңай жасалатын тәттіні ұнатпау мүмкін емес. Асыңыз дәмді болсын!